Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

“БТА Банкі” АҚ жеке шарттар бойынша “МАЭК-Қазатомпром” ЖШС қызметкерлеріне берілетін ипотекалық бағдарлама мерзімін ұзартты

26.05.2009 /  Баспасөз-қызметі 

БТА Банкі Маңғыстау облысындағы ірі кәсіпорын “МАЭК-Қазатомпром” ЖШС қызметкерлеріне арналған жеке шарттар бойынша берілетін ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыру мерзімін ұзарту жөнінде шешім қабылдады.

Ипотекалық бағдарламаның екінші кезеңі аясында беріледі деп күтілетін қаржы көлемі 3 млн. АҚШ долларын немесе 100 пәтерді құрайды.

Нарықтағы ресурстардың қымбаттауына қарамастан БТА Банкі бұл компания үшін ипотекалық несиелендірудің бұрынғы шарттарын өзгерткен жоқ. Атап айтқанда, ипотекалық бағдарлама бойынша МАЭК-Қазатомпром қызметкерлеріне арналған бастапқы жарна сатып алынатын жылжымайтын мүліктің 5 пайызын құрайды. Сыйақы ставкасы жылдық 12,5%. Ипотекалық банктің заем көлемі 300 000 АҚШ долларынан аспауы тиіс (теңгедегі эквиваленті). Кредиттік қаржы 20 жыл мерзімге беріледі. БТА Банкі 2007 жылдан бері ұсынатын жеке ипотекалық бағдарлама аясында МАЭК-Қазатомпром компаниясының 100 қызметкері Ақтау қаласынан тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік алды.

“МАЭК-Қазатомпром” ЖШС 2003 жылдан бері БТА Банкінің ірі клиенті болып табылады.Электр және жылу энергиясымен жабдықтап, оны сату, ауызсу, техникалық және теңіз суы өндірісімен және оны таратумен шұғылданатын кәсіпорында 3 950 адам жұмыс істейді. Оларға ыңғайлы болуы үшін және уақытты үнемдеу үшін БТА Банкі зауыт аумағына үш банкомат қойып, есеп-айырысу бөлімшесін ашты. МАЭК-Қазатомпром қызметкерлері ол жерде кез келген банктік операцияларды жүргізіп, жалақыларын ала алады және ипотекалық немесе тұтынушылық кредитті ресімдей алады, ал Ақтау қаласының тұрғындары МАЭК-Қазатомпром қызметтері үшін төлемдер жасай алады.

БТА тобы ТМД аумағындағы көшбастаушы банк желілерінің бірі. “БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ-де жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 274 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (835) мен өздігінен қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкі 1,2 миллиондай жеке және 132 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz