Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

“БТА Банкі” АҚ Қазақстандағы тұңғыш тәулік бойы қызмет ететін автоматтандырылған сейфтік депозитарий ашты

28.05.2009 /  Баспасөз-қызметі 

28 мамыр күні Астана қаласындағы Сейфуллин көшесі, 27 мекен-жайында орналасқан БТА Банкінің “Столичное” (“Астаналық”) бөлімшесінде түрлі көлемдегі 460 ұяшыққа арналған Қазақстандағы тұңғыш автоматтандырылған депозитарий ашылды. Бұл депозитарийдің тәулік бойы қызмет ететін “BTA-Network 24/7” аймағында орналасуы клиенттерге тәуліктің кез келген уақытында сейфтік сақтау қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.

Rosengrens (Швеция) концерні өндірген автоматтандырылған депозиттік сақтау орны банк қызметкерінің қатысуынсыз клиенттің өзіне өзі қызмет көрсету тәртібімен ұяшыққа қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

RBM (Rosengrens Box Management) қол жеткізуді бақылау жүйесі банктік магниттік карточканың көмегімен және ПИН-кодты енгізу арқылы депозиттік ұяшықты ұсынады. Сәйкестендірменің қосымша құралы ретінде биометрикалық көрсеткіштер бойынша клиентті анықтау қондырғысы пайдаланылады, дәлірек айтқанда, саусақтың және оң қол саусақтарының ізі бойынша анықталады. Сонымен қатар әрбір ұяшықтың механикалық құлпы бар, оны клиент өз кілтімен аша алады.

Тұңғыш автоматтандырылған депозитарийдің ашылу құрметіне БТА Банкі 2009 жылғы 15 маусымнан 15 қыркүйекке дейін “Столичное” бөлімшесіне келген алғашқы 100 клиентке сейфтік ұяшықты жалдағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт жасалған күні жеке тұлғалардың кредиттік емес өнімдерінің бірін сатып алған жағдайда (ВАО, төлемдер немесе аударымдар) төлейтін соманың 50%-на жеңілдік жасайды.

Қазақстандағы тұңғыш автоматтандырылған депозитарийді ашуы БТА Банкінің қаржы нарығында ғана емес, сонымен бірге жаңа технологияларды енгізу нарығында да көшбасшы екенін көрсетеді.

БТА тобы ТМД аумағындағы көшбастаушы банк желілерінің бірі. “БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ-де жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 274 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (835) мен өздігінен қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкі 1,2 миллиондай жеке және 132 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz