Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі дағдарысқа қарамастан инфрақұрылымы мен клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуда

29.05.2009 /  Баспасөз-қызметі 

БТА Банкі оңтүстік астанадағы шағын және орта бизнес өкілдеріне кешенді қызмет көрсету үшін барынша жақсы жағдай жасайды. 29 мамыр күні Алматының әкімшілік орталығындағы Абай даңғылы, 10А мекен-жайында (Фурманов көшесінің қиылысы) “Алмалы” бөлімшесінің салтанатты ашылуы болады.

Бөлімше қаланың орталық бөлігінде барынша көп әлеуетті клиенттерді қамту мақсатында, сондай-ақ клиенттерге барынша қолайлы жағдайлармен қызмет көрсету мақсатында ашылды. “Алмалы” бөлімшесінің жаңа ғимараты оның өтімділігінің екі есеге артуына мүмкіндік беріп, айына 2000 компания мен 5000 жеке тұлғаларды қамтиды.

Сонымен қатар дәл осы күні БТА Банкі Гагарин даңғылы,155 мекен-жайындағы «Алмагүл» бөлімшесінде және Абылай хан, 51 мекен-жайындағы “Отау” бөлімшесінде ашық есік күндерін өткізеді. Бұрын бұл бөлімшелер тек жеке тұлғаларға қызмет көрсетіп келді, енді ШОБ өкілдеріне де қызмет көрсетеді. Сонымен бүгінгі таңда БТА Банкінің Алматыдағы 13 бөлімшесінің 38-і жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да банктік қызмет көрсететін әмбебап бөлімшелер болып табылады.

22.05.2009 жылғы жай-күйі бойынша БТА Банкі 26,55 млрд. теңгені (875 заемшы) игерді, бұл Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі Үкіметтің бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытуға “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры бөлген қаржының 120,68%-ын құрайды. Атап айтқанда, банктің Алматы филиалы 2,77 млрд. теңгені (24 жобаны) игерді, сонымен қатар 0,28 млрд. теңгенің 8 жобасы қаржыландырылып, 1,38 млрд. теңге сома болатын 16 жоба мақұлданды.

Сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдауға ұмтыла отырып БТА Банкі клиенттері- заңды тұлғалары өз серіктестерін әкеліп, оларға тегін шот ашқыза алатын республикамыздағы бірден бір банк болды. Сондай-ақ “БТА-Online” қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесіне және “Банк клиент” жүйесіне тегін қосылып, кеңседен шықпай желіде жұмыс істеуге болады. Қазірдің өзінде белсенді клиенттердің 55 пайызы аталмыш қызметті пайдаланады.

Бүгінгі таңда БТА Банкінде 52 мыңнан астам клиентке – ШОБ субъектілеріне, оның ішінде Алматы филиалында 13 мың клиентке қызмет көрсетіледі. Алматы филиалының инфрақұрылымы 38 бөлімшеден, 1 өздігінен қызмет көрсететін тәуліктік аймағынан, 167 банкоматтан, 65 Cash & Pay өздігінен қызмет көрсету терминалдарынан, 2 автоматтандырылған айырбастау пунктінен тұрады.

Алматы филиалының инфрақұрылымын дамыту стратегиясы өздігінен қызмет көрсету аймақтарын дамыту мен клиенттерге кезексіз және аз уақытта тәуліктік тәртіппен қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Алматыдағы алғашқы өздігінен қызмет көрсету аймағы Абай д-лы 127/99 Жароков к-сінің қиылысы мекен-жайы бойынша ашылды, онда клиенттердің Cash & Pay төлем терминалдарының, электронды айырбастау пунктінің, мультивалюталық банкоматтар мен байланыс орталығындағы консультациялық қолдау қызметіне қол жеткізулеріне болады.

2009 жылғы 2 наурыздан бері “БТА Банк” АҚ “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қорының ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы филиалы 4,17 млрд. теңге соманың 478 кредитін берді.

БТА тобы ТМД аумағындағы көшбастаушы банк желілерінің бірі. “БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ-де жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 274 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (835) мен өздігінен қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкі 1,2 миллиондай жеке және 132 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,