Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу жөніндегі хабарлама

02.06.2009

«БТА Банкі» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көш., 97, Директорлар Кеңесінің 28.05.2009 ж. № 5-4 шешіміне сәйкес, Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру жөнінде хабарлайды.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2009 жылғы 30 маусым күні 10 сағат 30 минутта өткізіледі, акционерлерді тіркеудің басталуы - 10.00 сағатта, мекенжайы бойынша: Алматы қ., «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көш., 97, А2 Блогы, 2-қабат, Мәжіліс залы.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлернің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлер тізімі 2009 жылғы 29 мамырға сәйкес әзірленген.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі:

1. «БТА Банкі» АҚ жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
2. «БТА Банкі» АҚ өткен қаржы жылындағы таза кірісті бөлу тәртібін және жыл нәтижесі бойынша акционерлік қоғамның бір жай акциясына есептелген дивиденд көлемін анықтау.
3. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақыларының мөлшерін және оларды төлеу шарттарын белгілейтін ішкі нормативтік құжатты бекіту.
4. Санақ комиссиясының құрамын бекіту.

Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің қайталама жалпы жиналысы 2009 жылғы 01 шілде күні 10 сағат 30 минутта өткізіледі: Алматы қ., «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көш. 97, А2 Блогы, 2 қабат, Мәжіліс залы. Акционерлерді тіркеу сағат 10.00-де басталады.

Барлық қажетті сұрақтар бойынша акционерлер мына мекенжайға хабарласа алады: Алматы қ., Абылай хан д-лы, 51, 601-бөлме, тел. 2 505-184