Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі қалыпты режимде жұмыс істейді және баламалы өтімділік деңгейін қамтамасыз етеді

26.06.2009

«БТА Банкі» АҚ, 5 ай ішіндегі Банк қызметінің есебіндегі теріс капитал Банктің бұрынғы басшылығымен өздерінің аффилиирленген компанияларына, соның ішінде Қазақстаннан тыс жерлердегі жобаларды қаржыландыруға берілген кредит бойынша залалдарды тануға қатысты бұрын жарияланған деректерді анықтау екендігін хабарлайды. Бұл 1 413 млрд. теңге мөлшеріндегі шығындар 2008 жылғы қорытынды бойынша аудит жүргізу барысында Ernst&Young халықаралық аудиторлық компаниямен расталды. Тексеру мамыр айында аяқталды және бұл стандартты, жыл сайынғы процедура болып табылады. Аудит нәтижелері 2009 жылғы мамыр айының банк есебінде мазмұндалған.

Банк, аталмыш кредиттер бойынша шығындардың танылуына қарамастан, осы заемдармен жұмыс белсенді түрде жүргізіліп, аталмыш кредиттерді қайтару, борышты өндіріп алу, қайта құрылымдау бойынша нығайтылған әрекеттерді және өтеуге қатысты проблемалар туындаған кезде барлық мүмкін шараларды қабылдап жатқандығын атап көрсетеді. 

Қазіргі уақытта Банк қалыпты режимде жұмыс істейді, өзінің клиенттеріне қызмет көрсетеді, өтімділіктің баламалы деңгейін қамтамасыз ете отырып, заңды және жеке тұлғаларға, соның ішінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша кредиттер береді. Сонымен қатар, Банк қаржы және заң кеңесшілермен сыртқы берешекті қайта құрылымдау, Банктің қаржылық моделін және одан әрі стратегиясын құру жоспарын дайындау үстінде. Бұл шаралар Банктің активтері мен пассивтерінің тиімді басқарылуын қамтамасыз етуге, өтімділіктің берік қорына, теңгерімді және кірісті кредиттік портфельге қол жеткізуге, реттеу талаптарын сақтауға, Қазақстанда орталықтандырумен коммерциялық қызметтің тиімді тетіктерін сақтауға мүмкіндік береді.

***
БТА тобы – ТМД аумағындағы жетекші банк желілерінің бірі. 

«БТА Банкі» АҚ әріптес-банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан және Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ жұмыс істейді. 

“БТА Банкі” АҚ Қазақстан Республикасындағы дамыған филиалдар желісінің (22 филиал және 274 бөлімше), сонымен қатар банкоматтардың (835) және өзіне-өзі қызмет көрсететін терминалдардың (160) кең тараған желісіне ие. БТА Банкі шамамен 1,2 млн. жеке және 132 мың корпоративті клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ байланысу үшін: 
Әділ Досымов, «БТА Банкі» АҚ Баспасөз хатшысы 
8 (727) 266-47-97
8 707 3457619 
e-mail: dosymov@bta.kz