Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

"БТА Банкі" АҚ акционерлерінің жылдық жиналысы болды

01.07.2009 /  Баспасөз-қызметі 

Сәрсенбіде, 1 шілде күні БТА Банкі акционерлерінің жалпы жиналысы болып өтті. Күн тәртібінің сұрақтары бойынша келесі шешімдер қабылданды:

  1. «БТА Банкі» АҚ-ның 2008 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
  2. өткен қаржы жылы үшін қоғамның таза табысын бөлмеу және қоғамның бір қарапайым акциясына шаққанда бір жыл үшін дивидендтерді төлемеу. 2008 жылғы аудиторлық қызмет қорытындысы бойынша «БТА Банкі» АҚ қызметінің теріс нәтижесіне байланысты резервтік капиталды ұлғайтпау.
  3. «БТА Банкі» АҚ директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеудің мөлшері мен талаптарын анықтайтын ішкі нормативті құжатты бекіту.
  4. Санақ комиссиясы құрамын бекіту. Санақ комиссиясының өкілеттіктерін мерзімсіз деп анықтау.

Отырыс барлық қажетті талаптарды сақтай отырып өткізілді.  

Осы шешімдер БТА тобы позицияларын сақтау және ағымдағы берешекті басқару бағдарламасын барлық кредиторлармен және инвесторлармен бірлесе табысты түрде жүзеге асыру мақсатында қабылданды.

***

БТА тобы – ТМД аумағындағы жетекші банк желілерінің бірі.

«БТА Банкі» АҚ әріптес-банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан және Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ Қазақстан Республикасындағы дамыған филиалдар желісінің (22 филиал және 274 бөлімше), сонымен қатар банкоматтардың (835) және өзіне-өзі қызмет көрсететін терминалдардың (160) кең тараған желісіне ие. БТА Банкі шамамен 1,2 млн. жеке және 132 мың корпоративті клиенттерге қызмет көрсетеді.