Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ «Lovells LLP» компаниясын заң кеңесшісі етіп тағайындады

03.07.2009 /  Баспасөз-қызметі 

Lovells LLP «БТА Банкі» АҚ-ның активтерді қайтару сұрақтары бойынша заң кеңесшісі болып тағайындалды.

Lovells LLP Еуропа, Азия және АҚШ елдерінде 27 кеңсесі бар, 3,000 қызметкерден тұратын штаты бар ірі халықаралық корпоративті заң компанияларының бірі болып табылады. Компания көптеген әлемдік ірі корпорацияларға, қаржы институттарына және үкімет ұйымдарына кеңес береді. Lovells LLP күрделі, көпжақты мәмілелер мен сауда даулары кезінде үнемі өз клиенттерінің мүддесін танытады.

Сонымен қатар, БТА Банкі борышты қайта құрылымдау мәселелері бойынша UBS компаниясымен ынтымақтастықты жалғастырады. White & Case компаниясы банктің заңды кеңесшісі болып қала береді. Сондай-ақ, БТА Банкі кеңесшілері командасына M. Favale-Tarter, LLC и John Howell & Co тәуелсіз кеңесшілері кіреді, олар қаржылық жүйе және БТА Банкіне қатысты өз ұсыныстарын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына ұсынады.

БТА Банкі қайта құрылымдау жоспарын 2009 жылғы шілде айының ортасына қарай ұсынуды жоспарлап отыр.

***

БТА тобы – ТМД аумағындағы жетекші банк желілерінің бірі.

«БТА Банкі» АҚ әріптес-банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан және Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ Қазақстан Республикасындағы дамыған филиалдар желісінің (22 филиал және 274 бөлімше), сонымен қатар банкоматтардың (835) және өзіне-өзі қызмет көрсететін терминалдардың (160) кең тараған желісіне ие. БТА Банкі шамамен 1,2 млн. жеке және 132 мың корпоративті клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ байланысу үшін: 
Әділ Досымов, «БТА Банкі» АҚ Баспасөз хатшысы 
8 (727) 266-47-97
8 707 3457619 
e-mail: dosymov@bta.kz