Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің сырттай кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу жөніндегі хабарлама

13.07.2009

«БТА Банкі» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков к-сі, 97, Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 30 маусымдағы №6-6 кезектен тыс шешімне сәйкес, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының  өткізілетіндігін хабарлайды. 
Дауыстарды есептеу күні ретінде 2009 жылғы 27 тамыз алынған. «БТА Банкі» АҚ-ның кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлер тізімі 2009 жылғы 13 шілдедегі жағдайы бойынша құрылған. 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

1. «БТА Банкі» АҚ аудиторын таңдау туралы;
2. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеудің мөлшері мен талаптарын анықтайтын ішкі нормативті құжатты бекіту туралы.

Акционерлердің сырттай кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі материалдары және дауыс беру бюллетеньдері дайын болуына қарай Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетілген мерзімдерде Сіздерге ұсынылатын болады. Күн тәртібі материалдарын Сіздер келесі мекенжайдан ала аласыздар: Алматы қ., Абылай хан к-сі, 51, 6 қабат, Баймолдин Арман (тел. +007-727-2505 184), сондай-ақ барлық қажетті сұрақтар бойынша Сіздер келесі мекенжайға хабарласа аласыздар: Алматы қ., Абылай хан к-сі, 51, 6 қабат, Деменкова Екатерина (тел. +007-727-2664384).

   Сырттай дауыс беру бюллетені

   Сырттай дауыс беру бюллетенін толтыру бойынша жадынама