Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» қайта құрылымдау барысы жөнінде хабарлайды

17.07.2009

Lazard Frères «БТА Банкі» АҚ-ның қаржы кеңесшілерінің бірі болып тағайындалды және  UBS инвестициялық банкімен бірлесе сыртқы борышты қайта құрылымдау бойынша жоспарды енгізу жұмысын жалғастыруда 

Lazard Frères, активтерді басқару бойынша танымал әлемдік қаржылық консалтингтік компаниялардың бірі Солтүстік Америка, Еуропа, Азия, Австралия, Орталық америка және Оңтүстік Америка сияқты 24 елдің 39 қаласында жұмыс істейді. Компания 1848 жылы құрылған және қосылу мен жұтылу мәселелері бойынша, сондай-ақ компаниялардың қайта құрылуы және капиталдандырылуы бойынша кеңестер береді, сондай-ақ корпорациялардың, компаниялардың, мекемелердің, үкіметтердің және жеке тұлғалардың активтерін басқару бойынша қызметтерді көрсетеді.

Lazard Frères және UBS Кредиторлардың ұйымдастырушылық комитетін құру жөнінде БТА Банкі кредиторларын хабардар ете бастады, ол облигация ұстаушылармен, қарыз берушілермен және кредиторлармен сыртқы борышты қайта құрылымдау мәселелері бойынша сауданы қаржыландыру саласындағы келіссөздерді жеңілдетуге мүмкіндік береді.  

White & Case және Lovells LLP БТА  Банкінің заң қызметкерлері  болып табылатындығын еске саламыз. Банк кеңесшілері командасына M. Favale-Tarter, LLC және  John Howell & Co тәуелсіз кеңесшілер кіреді, олар БТА-ға қатысты қаржылық жүйе және стратегия мәселелері бойынша «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына өз ұсыныстарын береді.

***

 

БТА тобы – ТМД аумағындағы жетекші банк желілерінің бірі.  

«БТА Банкі» АҚ әріптес-банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан және Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ жұмыс істейді.  

“БТА Банкі” АҚ Қазақстан Республикасындағы дамыған филиалдар желісінің (22 филиал және 274 бөлімше), сонымен қатар банкоматтардың (835) және өзіне-өзі қызмет көрсететін терминалдардың (160) кең тараған желісіне ие. БТА Банкі шамамен 1,2 млн. жеке және 132 мың корпоративті клиенттерге қызмет көрсетеді. 

 e-mail: dosymov@bta.kz

БАҚ байланысу үшін:

Әділ Досымов, «БТА Банкі» АҚ Баспасөз хатшысы

8 (727) 266-47-97

8 707 3457619