Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» ақ қайта құрылымдау барысы жөнінде хабарлайды

22.07.2009

«БТА Банкі» АҚ 17 шілдеде  ХҚЕЖ-не сәйкес, Ernst & Young LLP компаниясы тарапынан тексеруден өткен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялады.

2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін туындаған бірқатар факторлардың ықпалы, атап айтқанда 2009 жылғы теңге девальвациясы, жылжымайтын мүлік және құрылыс нарықтарындағы жалғасын тауып отырған құлдырау, кредит портфелінің (соның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі активтер) сапасы мәселелері, сондай-ақ банк операцияларына қатысты жүргізілген тергеулер нәтижесінде, БТА басшылығы 2008 жылғы банктің қаржылық есептілігінде көрініс тапқан провизияларға қосымша провизиялар құрылады деп  күтуде. 

Осыған байланысты БТА Банкі KPMG LLP компаниясымен Банкте due dilligence өткізу бойынша, ең алдымен оның кредиттік портфелін, басқа қаржылық инвестицияларын, сондай-ақ баланстан тыс активтерін мұқият тексеру бойынша ынтымақтастықты жалғастырады. 

БТА Банкі облигация ұстаушылармен, экспорттық кредиттік агенттіктермен және кредиторлармен сауданы қаржыландыру саласында борышты қайта қаржыландыру жоспарының талаптары бойынша келіссөздер процесін жеңілдетуге арналған Кредиторлардың Ұйымдастырушылық комитетінің қалыптасу сатысында тұрғандығын хабарлайды. Қазіргі сәтте Комитетке кредиторлардан 10 өкіл ұсынылды: Commerzbank Aktiengesellschaft, D.E. Shaw & Co. (UK) Ltd, DEG - Deutsche Investitions - und Entwicklungsgesellschaft mbH, Euler Hermes, Fortis Investments, Gramercy Advisors LLC, ING Asia Private Bank Limited, RBS, US Exim-Bank және Wachovia Bank N.A.

23 шілдеде KPMG менеджменттің алдын-ала бағалаулары негізінде әзірленген БТА Банкінің қаржылық жағдайының презентациясын Кредиторлардың Ұйымдастырушылық Комитеті қарауына ұсынады. Осыған байланысты, БТА борышты қайта құрылымдау бойынша алдын-ала кестенің мерзімдерін және бірқатар опцияларды ұсынуды көздейді. Бүгінгі таңда жоспар БТА Банкі борышын ақшалай қаражаттарға сатып алу опциясын, ұзақ мерзімді борыштың ең көп мерзіміне ұзартуды, сондай-ақ борышты банк акцияларына айырбастауды болжайды.

Борышты қайта құрылымдаудың соңғы талаптары бойынша келіссөздер БТА әзірлеген қаржылық активтер портфелінің жай-күйі және стратегиялық бизнес жоспары жөніндегі KPMG компаниясының қорытынды есебі Кредиторлардың Ұйымдастырушылық Комитетімен жүргізілетін болады.

 

*** 

БТА тобы – ТМД аумағындағы жетекші банк желілерінің бірі.

«БТА Банкі» АҚ әріптес-банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан және Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ Қазақстан Республикасындағы дамыған филиалдар желісінің (22 филиал және 274 бөлімше), сонымен қатар банкоматтардың (835) және өзіне-өзі қызмет көрсететін терминалдардың (160) кең тараған желісіне ие. БТА Банкі шамамен 1,2 млн. жеке және 132 мың корпоративті клиенттерге қызмет көрсетеді.

 

БАҚ байланысу үшін:

Әлімбай Ержан,

«БТА Банкі» АҚ

8 (727) 250 40 97

8 701 233 38 32

e-mail:  alimbay@bta.kz