Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

"БТА Банкі" АҚ басшылығында өзгерістер

24.07.2009

20 шілде күні өткен «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында Басқарма құрамын өзгерту туралы шешім қабылданды.

Басқа қызметке тағайындалуына байланысты Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Пірматов Ғалымжан Олжаұлының қызметі тоқтатылды

Басқарма Төрағасының орынбасары Холодзинский Генриг Ивановичтың өкілеттігі уақытша тоқтатылды.

Капбасова Күнсұлу Сағдатқызын және Рамазанов Асылмұрат Сейдрақымұлын Басқарма құрамынан шығару және Басқарушы директорлар қызметіне ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі қызметін атқарған Юлдашев Мұрат Машрапович Басқарма Төрағасының Кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

«БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі қызметіне Мұқаметқалиев Мәлік Жамбылұлы сайланды.

***
 БТА тобы – ТМД аумағындағы жетекші банк желілерінің бірі.

«БТА Банкі» АҚ әріптес-банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан және Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ Қазақстан Республикасындағы дамыған филиалдар желісінің (22 филиал және 274 бөлімше), сонымен қатар банкоматтардың (835) және өзіне-өзі қызмет көрсететін терминалдардың (160) кең тараған желісіне ие. БТА Банкі шамамен 1,2 млн. жеке және 132 мың корпоративті клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ байланысу үшін:
Әлімбай Ержан,
«БТА Банкі» АҚ
8 (727) 250 40 97
8 701 233 38 32
e-mail: alimbay@bta.kz