Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ KazPrime индикаторын қалыптастыруға қатысуын уақытша тоқтатады

29.07.2009

2009 жылғы 6 тамыздан бастап "БТА Банкі" АҚ KazPrime қазақстандық банкаралық депозиттер индикаторын қалыптастыру туралы Келісімнен уақытша шығады. Бұл шешім сыртқы борышты қайта құрылымдау процедурасын аяқтау қажеттігімен байланысты және бұл Банктің операциялық қызметіне кедергі болмайды.
Қазіргі уақытта БТА Банкі қалыпты режимде жұмыс істейді, өзінің клиенттеріне қызмет көрсетеді, өтімділіктің баламалы деңгейін қамтамасыз ете отырып, заңды және жеке тұлғаларға кредиттер береді. Сонымен қатар, банк қаржы және заң кеңесшілермен  бірігіп сыртқы борышты қайта құрылымдауды жалғастыруда, проблемалық борыштарды өндіріп алу және қайтару бойынша жұмыстарды жүргізуде.

***

KazPrime Индикаторы Қазақстан үшін кредиттік сапасы жоғары банктер арасындағы банкаралық нарық депозиттеріне ақшаларды (қазақстандық теңге) орналастыру ставкасы бойынша орташа мәнді белгілейді. Индикаторды есептеу күн сайын KASE жүргізіледі.  Әрбір баға белгілеу Келісім қатысушыларының бірінің депозитіне ақшаларды тарту және орнықтыру ставкасын, сонымен қатар ақшаларды орнықтыру және тарту көлемін қамтиды. Баға белгілеудің ең төменгі көлемі – 150 млн теңге.

***

БТА тобы – ТМД аумағындағы жетекші банк желілерінің бірі.

«БТА Банкі» АҚ әріптес-банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан және Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ Қазақстан Республикасындағы дамыған филиалдар желісінің (22 филиал және 274 бөлімше), сонымен қатар банкоматтардың (835) және өзіне-өзі қызмет көрсететін терминалдардың (160) кең тараған желісіне ие. БТА Банкі шамамен 1,2 млн. жеке және 132 мың корпоративті клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ байланысу үшін:
Әділ Досымов, «БТА Банкі» АҚ Баспасөз хатшысы
8 (727) 266-47-97
8 707 3457619
e-mail: dosymov@bta.kz