Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі полиэтилен құбырлары өндірісі бойынша екінші желіні іске қосуда «Казахстан-инжиниринг» ҰК АҚ қаржыландырды

30.07.2009

30 шілде күні «Казахстан-инжиниринг» ҰК Акционерлік қоғамы холдингі құрамына кіретін «Тыныс» АҚ   диаметрі 110 мм ден 500 мм ге дейінгі магистральді желілерге арналған полиэтиленді трубалар өндірісі бойынша екінші экструизонды желілерді іске қосу салтанатты түрде ашылды.  

Отандық тауарөндірушілерді, экономиканың нақты секторын қолдау «БТА Банкі» АҚ басты міндеттерінің бірі болып табылады. Екінші желі өндірісінің іске қосылуы Көкшетаудағы қалаішілік  су жүргізетін желілерді жаңартуға кететін шығындарды азайтуға және Ақмола облысындағы 2008-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызбақ.
 

Бұл жобаны жүзеге асуы «БТА Банкі» АҚ мен «Казахстан-инжиниринг» ҰК АҚ арасындағы көп жылдық өзара қарым-қатынасы нәтижесінде мүмкіндік болып отыр.

2000-2003 жылдар аралығында БТА Банкі Көкшетау филиалы «Тыныс» АҚ 220,2 млн. теңге несие бөлді, ол өз кезегінде зауыт өндірісінің тоқтап қалуынан және зауытты азаматтық қажетті өндірістік-техникалық мақсаттағы өнім шығаруға ауысуына мүмкіндік берді.  Банк қолдауының нәтижесінде кәсіпорын банкроттықтан тұрақты жұмыс жасайтын өндіріс орнына айналды.

2005 жылы БТА Банкі 10 мм ден 250 мм ге дейінгі су құбырлары мен газ құбырлары үшін полиэтиленді трубалар өндірісі бойынша «Тыныс» АҚ  қаржыландырды. Жоба әлеуметтік аса маңызды болды және осы уақытқа дейін табысты жұмыс жасап келеді. Бұдан басқа да «Тыныс» АҚ БТА Банкінің кешенді қызмет түрлерін пайдаланады: есепті-кассалық қызмет көрсету, кепілдік, еңбек ақылық жоба, заңды тұлғалар үшін депозиттер және т.б..

***

БТА тобы  ТМД аумағындағы  көшбастаушы банк желілерінің бірі. 

«БТА Банкі» АҚ  стратегиялық серіктес банктер желісі   Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері  Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де  жұмыс істейді.

 «БТА Банкі» АҚ-ның  Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі  филиалдар желісі  (22 филиалы мен 269 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (864) мен өздігінен қызмет көрсететін терминалдары (160)  бар.  БТА Банкі 1 миллиондай жеке және 130 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.


***
1996  жылы оттегімен-тыныс алу аппараттары зауыты «Тыныс» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

1959 жылы алғаш рет Көкшетау қаласында оттегімен-тыныс алу аппараттары зауыты ашылды.

1965  жылы зауыт ССРО Авиациялық Министрлігіне ауыстырылды  және әскери-өнеркәсіп кешенінің құрамдас бөлігі болды.

1965 - 1980  жылдары авиация техникаларына жинақтауыштар өндірісін жолға қойды және онымен айналысатын зауыттарға техникалық қызметтер көрсетті.

1980 – 1985 жылдары зауыт арнаулы мақсаттағы техникалар шығару өндірісін игерді.


БАҚ байланысу үшін:
Жаналина Шолпан, 
«БТА Банкі» АҚ Көкшетау филиалы
8 (7162) 252340
e-mail: zhanalina_kok@bta.kz