Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Құрметті БТА Банкінің төлем карточкасын ұстаушылар

11.08.2009

Сіздерге 2009 жылғы 12 қыркүйектен бастап «Қамқор» төлем карточкасы бойынша қолма-қол ақшасыз нысанда шығын операцияларын жүзеге асыру және қолма-қол ақшаны алу кезінде 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде айлық лимит белгіленетінін хабарлаймыз.

Сондай-ақ ,Сіздерге банктің банкоматтары және бөлімшелері арқылы қолма-қол ақшаны карточка ұстаушылардың алуы кезінде айына 400 000 (үш жүз мың) теңге мөлшерінде шектеу қойылатынын хабарлаймыз.

Сіздер қолма-қол ақшаны алу және/немесе карточка бойынша қолма-қол ақшасыз шығын операцияларын жүргізу лимитінің шамасын өзгерте аласыз. Ол үшін Сізге лимитті өзгертудің болжанған күніне кем дегенде 5 (бес) жұмыс күні қалғанда БТА Банкі бөлімшесіндегі карточкалық бизнес маманына жазбаша өтінішті жіберу керек.

Бір ай ішінде 400 000 теңге аспайтын көлемдегі қолма қол ақшаны алу кезіндегі комиссия

Қызмет көрсету арнасы Комиссия мөлшері
БТА Банкі банкоматтарында және қолма-қол ақшаны беру орындарында 0%
Қазақстан Республикасы аумағындағы басқа банктердің банкоматтарында және қолма-қол ақшаны беру орындарында 1% (мин. 350 теңге)
Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлердегі басқа банктердің банкоматтарында және қолма-қол ақшаны беру орындарында 1,75% (мин. 500 теңге)

Бір ай ішінде 400 000 теңгеден астам мөлшеріндегі қолма қол ақшаны алу кезіндегі комиссия

Қызмет көрсету арнасы Комиссия мөлшері
БТА Банкі банкоматтарында және қолма-қол ақшаны беру орындарында 0,3%
Қазақстан Республикасы аумағындағы басқа банктердің банкоматтарында және қолма-қол ақшаны беру орындарында 1% (мин. 350 теңге);
Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлердегі басқа банктердің банкоматтарында және қолма-қол ақшаны беру орындарында 1,75% (мин. 500 теңге)

Барлық қосымша сұрақтар бойынша Байланыс орталығының келесі телефондары арқылы:
+7 (727) 250-01-11, 250-02-22 – Алматы үшін
8-8000-800-111 – Қазақстанның бүкіл аумағында қала телефондарынан тегін
7111 - барлық қазақстандық мобильді байланыс операторларының абоненттеріне арналған тегін нөмір

не болмаса bta24@bta.kz мекенжайына хат жіберу арқылы хабарласа аласыздар