Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Cash&Pay өз-өзіне қызмет көрсету терминалдарындағы қызметтерді кеңейту!

13.08.2009

БТА Банкі Cash&Pay өз-өзіне қызмет көрсету терминалдары желісінде жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуге болатындығын өз клиенттеріне қуана хабарлайды! Енді пайдаланушылар барлық қызметтер үшін төлемді қолма-қол ақшаны енгізу арқылы, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз әдіспен жүргізе алады (БТА-ның Visa, MasterCard төлем карталары, сондай-ақ SmartAlemCard жергілікті карталары көмегімен).

Біздің терминалдардың ықыласты интерфейсі (қазақ және орыс тілдерінде) БТА карталарының ұстаушыларына және Банктің басқа клиенттеріне операциялардың 133 түрін жүзеге асыруға мүмкіндік береді!

Төлеушілер төмендегілерге қол жеткізеді:

-  барлық салықтық төлемдер (БЖК бойынша 304 түрі),
- коммуналды төлемдер  (40 түрі),
- кабельді теледидар үшін төлем (8 жеткізуші),
- мобильді байланыс үшін төлем (ҚР бойынша 6 оператор),
- байланыс провайдерлерінің және Интернетке қол жеткізу қызметтері үшін төлем  (ҚР бойынша 9 жеткізуші),
- білім беру қызметтері үшін төлем (3 университет),
- кредиттерді өтеу (БТА және БТА Ипотека),
- БТА төлем карталарын толықтыру,
- БТА депозиттерін және ағымдағы шоттарды толықтыру,
- БТА картасы бойынша балансты қарау,
- БТА карточкалық шот бойынша шағын үзінді көшірмені қарау,
- картадан картаға ақша аударымдары,
- BTA Card/SmartAlemCard жергілікті картасы бойынша SMS-Банкинг қызметіне қосылу,
-  «Қазақтелеком» қызметтерінің төлемі,
- басқа төлемдер (52 жеткізуші)

Cash&Pay терминалдарындағы қосымша инновациялық қызметтер! Барлық клиенттер терминалдың ақпараттық мәзірін пайдалана алады, ол жерде Банк бөлімшелерінің, банкоматтардың, Cash&Pay терминалдарының мекенжайларын, жұмыс режимдерін, бөлімшелердің байланыс телефондарын, валюталардың бағамдарын көруге болады, сондай-ақ жедел кредит бойынша лимитті оңай есептеуге және оған өтініш беруге болады (кредиттеу шарттарын егжей-тегжейлі түсіндіру үшін Сізбен Банктің кредиттік маманы байланысады).

БТА клиенттеріне қамқорлық жасау мақсатында қызмет көрсетудің баламалы арналарының функционалды мүмкіндіктерін тұрақты түрде кеңейтеді!

БТА – сенімен бірге!