Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ және «Темекісіз» қоғамдық қоры өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумды бекітті

19.08.2009

18 тамызда «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары  Мәлік Мұхаметқалиев және «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» Ұлттық Коалициясы заңды ұйымы болып табылатын «Темекісіз» Қоғамдық қорының Атқарушы Директоры Жәмила Садықова Өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.   

Қол қойылған құжатқа сәйкес, тараптар темекіге қарсы жаңа бастамаларды жүзеге асыру арқылы, сондай-ақ жеткіншектер мен жастар арасында темекінің таралуына және темекі шегу нәтижесінде сырқаттанудың көбеюіне жол бермеудің жан-жақты шараларын жасауға қатыса отырып, Қазақстандағы темекі індетін жою әрекеттерін біріктіруді жоспарлап отыр.

Қол қою барысында М.Мұхаметқалиев «Еліміздің жүйе құраушы банктерінің бірі болып табылатын БТА Банкі белсенді әлеуметтік тұғырда тұр және қазақстандықтарды, әсіресе жастарды темекі тәуелдігінен босатуға және елімізде темекі өнімі айналымының өркениетті нормаларының дамуына бағытталған қоғамдық бастамаларды қолдайды. Темекі шегумен күресу саласындағы жүйелі және тізбекті қадамдар қауіпті әдеттен құтылуға және біздің еліміздегі никотинге тәуелділер санының өсуін тоқтатуға көмектеседі деп сенеміз» деп атап өтті.

***
БТА тобы – ТМД аумағындағы жетекші банк желілерінің бірі.

«БТА Банкі» АҚ әріптес-банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан және Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ Қазақстан Республикасындағы дамыған филиалдар желісінің (22 филиал және 274 бөлімше), сонымен қатар банкоматтардың (835) және өзіне-өзі қызмет көрсететін терминалдардың (160) кең тараған желісіне ие. БТА Банкі шамамен 1,2 млн. жеке және 132 мың корпоративті клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ байланысу үшін:
Әділ Досымов, «БТА Банкі» АҚ Баспасөз хатшысы
8 (727) 266-47-97
8 707 3457619
e-mail: dosymov@bta.kz