Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА БАНКІ» АҚ инвесторларды қайта құрылымдау үрдісі жөнінде хабардар етеді

21.08.2009

2009 жылғы 18 тамызда «БТА Банкі» АҚ (БТА) және KPMG, PriceWaterhouse Coopers, Lovells халықаралық заң компаниясы арасында ұйымдастырылған онлайн-конференция кезінде инвесторлар мен кредиторларға банкті қайта құрылымдау үрдісі бойынша ақпарат ұсынылды. Онлайн-конференция барысында БТА Басқармасының Төрағасы Әнуар Сәйденов банктің стратегиялық басымдықтары, KPMG тексерулерінің алдын-ала нәтижелері, проблемалы активтер мәселесі, сондай-ақ активтерді қайтару стратегиясы жөніндегі мәселелерді қозғады.

Стратегиялық басымдықтарға төмендегілер кіреді:

  • Өтімділікті қолдау: БТА мақсаттарына үш құраушы кіреді: 1) депозиттердің ағылып кетуін тоқтату; 2) мемлекеттік бағдарламаларға қатысуды жалғастыру; 3) клиенттердің жаңа қаржыларын тарту және тұрақтандыру.
  • Кредиттік портфельді қайта құрылымдау және активтерді қайтару: «Проблемалы» деп аталатын активтер анықталды және кәсіпқойлар тобы тәуелсіз сарапшылармен бірлесе осындай активтердің ең көп санын қайтару жұмыстарын жүргізеді.
  • Стратегиялық жоспар: БТА қазіргі сәтте бизнестің барлық бағыттары бойынша, сондай-ақ өсу мен даму мүмкіндіктерін бағалау бойынша өзінің стратегиялық позицияларын қайта қарастырып жатыр. Ол: (а) әртараптандырылған портфель және комиссиялардан түсетін табысты ұлғайту негізінде банктің ұзақ мерзімді табыстылығын арттыру және б) банк тәуекелдіктерінің жалпы профилін жақсарту.
  • Клиенттер: БТА қазіргі таңда жеке тұлғалар мен корпоративті сегменттердегі бұрынғы клиенттерді қайтару және жаңа клиенттермен жұмыс істеу шараларын жүзеге асыру үстінде. Қайта құрылымдау үрдісін табысты аяқтау клиенттердің БТА Банкке деген сенімін қалыптастыруға мүмкіндік береді, ол синергиялық әсерге, соның ішінде жаңа депозиттер ағымының ұлғаюына алып келеді.
  • Банк құрылымын оңтайландыру: БТА ішкі қазақстандық нарыққа баса назар аударады, өзінің стратегиялық маңызды деп қарастырылмайтын еншілес және басқа тәуелді кәсіпорындарына өзінің қатысуын тоқтатады. Сондай-ақ, шығындарды оңтайландыру мақсатында, БТА қызмет көрсетудің кейбір орындарын жабу, қызметкерлер санын қысқарту арқылы, өз желісін қысқартады.
  • Тұрақты табыстылыққа сүйену: БТА-ның жаңа стратегиясы активтерді ұлғайтуға емес, жоғары және тұрақты табыстылыққа қол жеткізуге бағдарланады.

«Мен банктің бұрынғы менеджмент шешімдерінен туындаған теңдессіз қиындықтарға қарамастан, активтерді қалпына келтіру үшін қолдан келгенді жасап жатқандығын барлық инвесторларға сеніммен айта аламын, - деді Ә.Сәйденов. – Жаңа басшылығы, стратегиялық комитеті және қалпына келтіру және дамыту стратегиялары бар БТА Банкі өз қызметін жалғастырып келеді және басымды негізгі активтерді анықтауда және «проблемалы» активтерді қайтаруда едәуір жетістікке жетті».

Брифинг барысында, KPMG банктің қаржылық көрсеткіштерін тексерудің, сондай-ақ кредиттік портфель және инвестициялар бойынша резервтеудің алдын-ала нәтижелерін ұсынды. Тексерудің әлі аяқталмағандығын, сәйкесінше алдын-ала нәтижелер әрі қарайғы зерттеу барысында түзетілетіндігін айта кету керек. Онлайн-конференция барысында ұсынылған мәліметтер жөніндегі толық ақпаратты БТА Банкінің www.bta.kz корпоративті веб-сайтынан алуға болады.

Сонымен қатар, БТА қайта құрылымдау үрдісіне қатысты шолуды ұсынды, оған кредиттік үрдістің өзгерістері, корпоративті портфельмен байланысқан сұрақтар, БТА-ның «проблемалы» активтер санаты және оларды қайтару стратегиялары бойынша шолу кіреді. Осы сұрақтар бойынша қосымша ақпарат банктің веб-сайтында орналасқан презентацияда көрсетілген.

Қайта құрылымдау барысындағы келесі қадамдарға төмендегілер жатады:

  • Қаржылық және заңды тексеруді аяқтау – 2009 жылғы 2 - 4 қыркүйек. KPMG компаниясының қаржылық тексерісі және White & Case компаниясының заңдық тексерісі бойынша есептілікті шығару.
  • Активтерді қайтару – 2009 жылғы 2 - 4 қыркүйек. – PriceWaterhouse Coopers және Lovells компанияларының жұмыс үрдісі және активтерді қайтару стратегияларын орындау жөніндегі есепті ұсыну.
  • Банкті стратегиялық бағалау / бизнес-жоспар - 2009 жылғы 2 - 4 қыркүйек. – Банк менеджментінің және қайта қарастырылған бизнес-жоспар нәтижелерінің презентациясы.
  • Қайта құрылымдау және рекапитализация жоспары – 2009 жылғы 18 қыркүйекке дейін – ҚҚА-не қайта құрылымдау жоспарын ұсыну, қаржылық тексеру және қайта қарастырылған бизнес-жоспар нәтижелеріне сәйкес төлем қабілеттілігінің қажетті капиталын анықтау.

      ***

      БТА тобы – ТМД аумағындағы жетекші банк желілерінің бірі.

      «БТА Банкі» АҚ әріптес-банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан және Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ жұмыс істейді.

      “БТА Банкі” АҚ Қазақстан Республикасындағы дамыған филиалдар желісінің (22 филиал және 274 бөлімше), сонымен қатар банкоматтардың (835) және өзіне-өзі қызмет көрсететін терминалдардың (160) кең тараған желісіне ие. БТА Банкі шамамен 1,2 млн. жеке және 132 мың корпоративті клиенттерге қызмет көрсетеді.

      БАҚ байланысу үшін:
      Әділ Досымов, «БТА Банкі» АҚ Баспасөз хатшысы
      8 (727) 266-47-97
      8 707 3457619
      e-mail: dosymov@bta.kz