Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ басшылығындағы өзгерістер

21.08.2009

«БТА Банкі» АҚ-ның 19 тамыздағы Директорлар Кеңесінің шешімімен Банк Басқармасының мүшелері Сәдуақас Мәмештегі және Нұржан Ботабаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтерінен босату жөніндегі өтініштері қанағаттандырылды.

БТА Банкінде жұмыс істеу барысында С. Мәмештегі және Н. Ботабаев алға қойған міндеттерін табысты орындады және банктің операциялық қызметін тұрақтандыруға, ұйымдастырушылық құрылымды және штат санын оңтайландыруға, корпоративті басқару жүйесін жетілдіруге ықпал етті.

Банкті дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін С.Мәмештегі мен Н.Ботабаевқа Банк Басқармасының Төрағасы Әнуар Сәйденовтың атынан алғыс жарияланды.

***

БТА тобы – ТМД аумағындағы жетекші банк желілерінің бірі.

«БТА Банкі» АҚ әріптес-банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан және Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ Қазақстан Республикасындағы дамыған филиалдар желісінің (22 филиал және 274 бөлімше), сонымен қатар банкоматтардың (835) және өзіне-өзі қызмет көрсететін терминалдардың (160) кең тараған желісіне ие. БТА Банкі шамамен 1,2 млн. жеке және 132 мың корпоративті клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ байланысу үшін:
Әділ Досымов, «БТА Банкі» АҚ Баспасөз хатшысы
8 (727) 266-47-97
8 707 3457619
e-mail: dosymov@bta.kz