Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ басшылығындағы өзгерістер

26.08.2009

«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 24 тамызда Басқарма Төрағасының орынбасары, «БТА Банкі» АҚ Басқарма мүшесі қызметіне Сергей Валерьевич Ельцов сайланды.

Өмірбаяны:

1997 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының халықаралық құқық факультетін халықаралық деңгейдегі заңгер мамандағы бойынша тәмамдаған.
2005 жылы – Алматы экономика және статистика академиясының «Қаржы және кредит» факультетін экономист мамандығы бойынша бітіріп шығады.
2007 жылы – MBA Executive education program «Компанияларды басқару: жаңа технологиялар».

1995 жылы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің Шарт-құқық бөлімінің маманы;
1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің Коммерциялық емес заң басқармасының бас маманы;
1999 жылдан бастап «Қазақтелеком» ААҚ-ның жетекші маманы, содан кейін ҚР Әділет министрлігі «Ұлттық заң қызметі» ЖАҚ-ның аға заңгері;
2000 жылдан бастап 2007 жылға дейін «Қазфосфат» ЖШС-де заңгер, Заң департаментінің директоры, Басқарушы Директор, сондай-ақ «Васильков тау-кен байыту комбинаты» ААҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы қызметтерінде жұмыс істеген;
2008 жылғы ақпаннан 2009 жылғы тамызға дейін – Заң қызметі департаментінің директоры, Басқарушы директор, «Қазақстанның Инвестициялық Қоры» АҚ-ның Басқарма Төрағасы.

2003 жылғы желтоқсан – Қазақстан Республикасы Юстициясының Біліктілік алқасына сот қызметіне емтихан тапсырды.
2001 жылдан бастап – Халықаралық төрелік сотының төрешісі.

Әр түрлі кезеңдерде Қаржы ұйымдары басшыларының кеңесшісі болып қызмет атқарған.

***

БТА тобы – ТМД аумағындағы жетекші банк желілерінің бірі.

«БТА Банкі» АҚ әріптес-банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан және Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ Қазақстан Республикасындағы дамыған филиалдар желісінің (22 филиал және 274 бөлімше), сонымен қатар банкоматтардың (835) және өзіне-өзі қызмет көрсететін терминалдардың (160) кең тараған желісіне ие. БТА Банкі шамамен 1,2 млн. жеке және 132 мың корпоративті клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ байланысу үшін:
Әділ Досымов, «БТА Банкі» АҚ Баспасөз хатшысы
8 (727) 266-47-97
8 707 3457619
e-mail: dosymov@bta.kz