Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Англияның жоғарғы соты «БТА Банкі» АҚ-ның арызы бойынша қамтамасыз ету шаралары ретінде Мұхтар Әблязов пен басқа жауапкерлердің барлық активтерін тоқтату жөніндегі бұйрықты шығарды

27.08.2009

«БТА Банкі» АҚ Банктің Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов, Банк Басқармасының бұрынғы төрағасы Роман Солодченко және Банк басқармасы төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жәрімбетовке қарсы Англияның Жоғарғы сотына арыз жазды. Осы тұлғалардың барлығы Қазақстан аумағынан кетіп, қазіргі таңда Ұлыбританияда өмір сүріп жатыр.

2009 жылғы 13 тамызда Англияның Жоғарғы Соты Банк арызы бойынша қамтамасыз ету шаралары ретінде Әблязов, Солодченко және Жәрімбетовке, сондай-ақ, Банктің пікірінше, БТА-ның бұрынғы басшылығына көмек берген Ұлыбританияның үш резидентіне және Ұлыбританияда тіркелген бір компанияға тиесілі барлық активтерді тоқтату жөніндегі бұйрықты шығарды.

Жоғарғы Соттың бұйрығы активтердің орналасқан жеріне тәуелсіз олардың барлығына қатысты шыққан.

Жоғарғы сот осы шараны банктің бұрынғы басшылығы өткен жыл ішінде өздерінің құпиялы түрде бақыланатын компаниясының пайдасы үшін бірқатар күдікті мәмілелерді бекіте отырып, тек осы іс аясында ғана айлакерлік жолмен БТА-дан шамамен 300 млн. АҚШ долларын шығарғандығы туралы Банк растамасы негізінде қабылдаған еді. Осы сот талқылаулары кезінде Банк осы мәмілелер бойынша төленген қаржыларды қайтаруды, сонымен қатар Банк өзінің бұрынғы басшылығының айлакерлік қызметіне қатысты әрі қарайғы арыздарды беруді көздеп отыр.

Ескерту: 2009 жылғы ақпанда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «БТА Банкі» АҚ акцияларының бақылау пакетін сатып алды. Мұндай сатып алу Қазақстандағы банктік жүйені тұрақтандыру шаралары аясында жүзеге асырылды. Банк басшылығы ауысқан уақыттан кейін-ақ, Мұхтар Әблязов, Роман Солодченко және Жақсылық Жәрімбетов басқарған БТА-ның бұрынғы басшылығы өзінің қызмет бабын пайдаланып, Банктің мүдделеріне зиян келтіре отырып, өз мүддесі үшін бірқатар кредиттік және басқа да мәмілелерді бекіткен. БТА Банкі активтерді қайтару жұмыстары бойынша кеңесшілер ретінде Lovells халықарлық заң фирмасымен және PriceWaterhouseCoopers аудиторлық компаниясымен ынтымақтасады.

***

БТА тобы – ТМД аумағындағы жетекші банк желілерінің бірі.

«БТА Банкі» АҚ әріптес-банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан және Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ Қазақстан Республикасындағы дамыған филиалдар желісінің (22 филиал және 274 бөлімше), сонымен қатар банкоматтардың (835) және өзіне-өзі қызмет көрсететін терминалдардың (160) кең тараған желісіне ие. БТА Банкі шамамен 1,2 млн. жеке және 132 мың корпоративті клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ байланысу үшін:
Әділ Досымов, «БТА Банкі» АҚ Баспасөз хатшысы
8 (727) 266-47-97
8 707 3457619
e-mail: dosymov@bta.kz