Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Банк беделіне нұқсан келтіретін бұзақылық акцияларға шамданған БТА Банкі болашақта барлық осыған ұқсас әрекеттерге қатаң тыйым салынатынын мәлімдейді

03.09.2009

2 қыркүйекте беймәлім жастар санкцияланбаған акция өткізіп, «БТА Банкі» АҚ Алматы филиалы қызметкерлеріне қатысты заңға қарсы әрекеттерді жүзеге асырды.

11.20 шамасында акцияға қатысушылар өздерінің тіл тигізу және агрессивті іс-әрекеттерімен тыныштықты бұзып, «Ресей» бөлімшесінің жұмысына кедергі жасауға ұмтылды, содан кейін банкке кірудің ішкі ережелерін бұзу жөніндегі түсіндірулер мен ескертулерді тыңдамастан, бөлімше ғимаратына кірді. Қауіпсіздік қызметінің күшімен шеруге шыққандар бөлімшеден шығарылды, бірақ та акция Орталық операциялық залдың және «Орталық» бөлімшесінің фойесінде жалғасты. Акцияға қатысушылар өз әрекеттері арқылы банк қызметкерлері мен клиенттерін сыйламайтындығын танытып, қоғамдық тәртіп нормаларын қатаң бұзған.

Банктің қауіпсіздік қызметі қоғамдық тәртіпті бұзу деректері бойынша құқық қорғау органдарына хабар берді. Қазіргі уақытта Алматы қ. Медеу ауданы ІІБ-ның қызметкерлері бұзақылық акцияның себептерін, қатысушылары мен ұйымдастырушыларын анықтап жатыр.

«БТА Банкі» АҚ қалыптасқан жағдайға байланысты қатты алаңдаушылық танытып, Банк жұмысына кедергі жасауға бағытталған іс-әрекеттерге жол берілмейтіндігін мәлімдейді. Біз елде әрекет ететін заң нормаларына қайшы келетін, Банкке, оның қызметкерлері мен клиенттеріне қарсы бағытталған кез келген іс-әрекеттерге қатаң тыйым салынады және де олар Банк жұмысына кедергі жасау, оның әрекет етуінің қалыпты режимін бұзу ұмтылысы ретінде қарастырылатын болады деп зор жауапкершілікпен мәлімдейміз.

***

БТА тобы – ТМД аумағындағы жетекші банк желілерінің бірі.

«БТА Банкі» АҚ әріптес-банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан және Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ Қазақстан Республикасындағы дамыған филиалдар желісінің (22 филиал және 274 бөлімше), сонымен қатар банкоматтардың (835) және өзіне-өзі қызмет көрсететін терминалдардың (160) кең тараған желісіне ие. БТА Банкі шамамен 1,2 млн. жеке және 132 мың корпоративті клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ байланысу үшін:
Әділ Досымов, «БТА Банкі» АҚ Баспасөз хатшысы
8 (727) 266-47-97
8 707 3457619
e-mail: dosymov@bta.kz