Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі АҚ Кредиторлар Комитетін тағайындап, Қайта құрылымдаудың негізгі ережелеріне қол қойды, кредиттер бойынша шығындар резервін ұлғайту жөнінде хабарлады және борышты қайта құрылымдаудың нұсқаларын ұсынды

10.09.2009

Кредиторлар Комитетін тағайындау

БТА Банкі АҚ («БТА») 2009 жылдың 3 қыркүйегінде БТА кредиторлар комитетімен бірлесе («Кредиторлар Комитеті») БТА-ның және оның еншілес ұйымдарының қаржылық берешегін қайта құрылымдау қағидаларының негізгі ережелеріне («Қайта құрылымдау қағидалары») қол қойылғандығын хабарлайды («Қайта құрылымдау»). 2009 жылғы 3 тамызда мақұлданған Қайта құрылымдаудың міндеттерін жүктемейтін қағидаларының толық мазмұны www.bta.kz мекенжайы бойынша БТА-ның сайтына орналастырылатын болады.

Кредиторлар комитетіне келесі ұйымдар кіреді: ABN AMRO Bank N.V., Commerzbank Atkiengesellschaft, the D. E. Shaw group, KfW (өзінің DEG - Deutsche Investitions- und Entwicklungsgesellschaft mbH және KfW IPEX-Bank бөлімшелеріне өкілеттік етуші), Euler Hermes Kreditversicherungs AG (Германия Федеративті Республикасының атынан әрекет етуші), Export-Import Bank of the United States, Fortis Investment Management UK Limited, Gramercy Advisors LLC, ING Asia Private Bank Limited, JPMorgan Chase Bank, N.A., Mediobanca - Banca di Credito Finanziario S.p.A., Standard Chartered Bank және Wachovia Bank N.A.

Қайта құрылымдау нұсқалары

2009 жылдың 3 және 4 қыркүйегінде кредиторлар комитеті және БТА қатысқан бірқатар кездесулер барысында, БТА Банк басшылығының презентациясын және бизнес жоспарын, сол сияқты БТА ұсынған қайта құрылымдау нұсқаларын ұсынды. Барлық презентацияларды БТА-ның www.bta.kz ресми сайтынан көруге болады.

Қайта құрылымдау аясында БТА тарапынан оның шетелдік кредиторларына ұсынылатын Қайта құрылымдау нұсқалары төменде келтірілген, олар негізгі борышқа да, сондай-ақ ол бойынша есептелген пайыздарға да қатысты қолданылады:

  1. 82.25% дисконтымен өзінің борыштық міндеттемелерін ең жоғары қаржылық мөлшерге, яғни,1 млрд. АҚШ долларына сатып алу.
  2. 60% дисконтымен міндеттемелер мерзімін орташа мерзімдік кезеңге ұзарту
  3. 2-ші деңгейлі капиталда ескерілетін борыш мерзімін реттемелі ұзақ мерзімге ұзарту
  4. 80% дисконтымен борышты акцияларға айырбастау

Сондай-ақ, Кредиторлар үшін Активтерді қайтарымғае арналған облигациялар (Recovery Notes) шығарылады, олар кредиторларға БТА активтерін қайта қалпына келтірубарысында қатысуға мүмкіндік береді.

Кредиторлар комитеті БТА Банкі қарастырған қайта құрылымдау қағидаларын дайындауға қатыстырылмады. Бұл қағидалар Кредиторлар Комитетінің назарына 2009 жылдың 4 қыркүйегінде ұсынылды. Кредиторлар Комитеті Қайта құрылымдау қағидаларын мақұлдамады және де өз атынан да, қандай да бір басқа кредитор атынан да олармен келіспеді. БТА Банкі және оның кеңесшілері қыркүйек айының бірінші жартысында қайта құрылымдаудың келісімшарттық үрдісінің нақты талаптарын Кредиторлар комитетінің мүшелерімен талқылап, келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр.

ҚҚА (Қаржылық Қадағалау Агенттігі) талаптарына сәйкес, БТА Кредиторлар комитетімен қайта құрылымдау мен қайта капиталдандыру жоспарын әзірлеудің негізі ретінде өзара түсіністік меморандумы жөнінде мәмілеге келуге және оны 2009 жылдың 18 қыркүйегіне дейін ҚҚА-нің мақұлдауына ұсынуы тиіс.

Кредиттер бойынша шығындар резервін ұлғайту және таза міндеттемелер

Бұған қоса, КPMG 2009 жылдың 4 қыркүйегінде Кредиторлар Комитетінің мүшелеріне БТА-ның кредиттік тәуекелдігіне қатысты өз қорытындысын ұсынды, оның маңызды элементтері төменде келтірілген. Банктің кредиттік тәуекелдіктерін, атап айтқанда тәуекелдігі Қазақстан тыс жерлерде туындайтын, бірақ та БТА Қазақстан ескеретін кредиттер бойынша жақында аяқталған шолулар, сондай-ақ оффшорлық холдингтік компаниялар бойынша жасалған шолулар және де KPMG компаниясының Лондон офисінің таяуда жасаған сыртқы талдауынан кейін, бүгінгі таңда БТА 2009 жылдың 30 маусымында жағдайға орай қарастырылған жарияланған провизияларға қосымша түрде кредиттер бойынша шығындар провизияларының әрі қарай 400 млрд. теңге мөлшерінде ұлғайғандығын хабарлайды. 2009 жылдың 23 шілдесіндегі жағдай бойынша кредиторларға ұсынылған, www.bta.kz БТА вебсайтына орналастырылған презентация 2009 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша БТА-дағы қаржылық жағдайдың қосымша түрде жетіле түскенін көрсетеді. Бұл провизиялар 2008 жылдың 31 желтоқсанынан бастап 1,388 млрд. теңгеге өсіп үлгерді. Сондай-ақ, Банк Қазақстандық тұрақты талаптарға сай әзірленген есепке сәйкес есептелген пайыздарға қатысты провизиялардың өспегендігін, бірақ та олар мерзімі өткен соң, есептен шығарылатындығын атап өтті. Егер провизияларды құру тәсілдемесі қабылданатын болса, онда Банк болжанған 200 млрд.теңге ұсынылатын болады деп күтуде. Ықтимал шығындарға қатысты осындай провизиялар жасалып қойғанымен, БТА қолда бар барлық ресурстар, соның ішінде өндіріп алу бойынша сарапшыларды тағайындау көмегімен кредиттер бойынша өтелмеген қаржы мөлшерін қайтарым активтерімен өндіріп алу жұмысын жалғастырады.

Біршама жекелеген шағын түзетулер бар, олар белгіленген қазақстандық реттеушіге көрсетілетін таза міндеттемелерді қысқа-орта мерзімді кезеңде шамамен 100 млрд. теңгеге ұлғайтуы ықтимал.

Сондай-ақ, 2009 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша БТА Банкінде еншілес және ассоциацияланған компанияларына салынған қалдық құны 233 млрд.теңгені құрайтын инвестциялары бар. Қазақстандық реттеушінің есептілік талаптарына сәйкес мұндай инвестициялар сату дерегінен кейін ғана пайдасымен және шығынымен бірге, құны бойынша бағаланады. БТА 2009 жылдың 30 маусымының аяғында осындай инвестициялардың ағымдағы нарықтық құнын (әр алуан әдістерді қолдана отырып) 100 млрд. теңге деп бағалады.

БТА осындай қиын-қыстау кезде қолдау және түсіністік көрсеткендері үшін өзінің барлық кредиторлары мен акционерлеріне алғыс білдіреді және таяудағы айларда қайта құрылымдау үрдісінің тамадалатынынан үміттенеді..

***

БТА тобы – ТМД аумағындағы жетекші банк желілерінің бірі.

«БТА Банкі» АҚ әріптес-банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан және Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ-де жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ Қазақстан Республикасындағы дамыған филиалдар желісінің (22 филиал және 274 бөлімше), сонымен қатар банкоматтардың (835) және өзіне-өзі қызмет көрсететін терминалдардың (160) кең тараған желісіне ие. БТА Банкі шамамен 1 млн-нан астам. жеке және 130 мың корпоративті клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ-мен байланысу үшін:
Әділ Досымов, «БТА Банкі» АҚ Баспасөз хатшысы
8 (727) 266-47-97
8 707 3457619
e-mail: dosymov@bta.kz