Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі АҚ қаита құрылымдау барысында кредиторлар комитетімен өзара түсіністік жөнінде Меморандумға қол қойды

23.09.2009

Бүгін БТА Банкі АҚ несиелер бойынша борышты қайта құрылымдау жөнінде Кредиторлар Комитетімен өзара түсіністік жөнінде Меморандумға қол қойғандығын жариялады.

Қайта құрылымдаудың мақсаты қайта құрылымдау күшіне енген сәтте капитал жеткіліктілігі бойынша Қазақстан Республикасының Қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты реттеу және қадағалау Агенттігінің талаптарына сәйкес келу болып табылады.

Өзара түсіністік жөніндегі Меморандумы талаптарына сәйкес, БТА Банкі мен Кредиторлар Комитеті қайта құрылымдаудың келісілген шарттарына қол жеткізу мақсатымен ынтымақтаса жұмыс істеуді жалғастыруға келісім берді. Қайта құрылымдаудың несиелер бойынша провизияға қатысты шарттары due diligence KРМG және Deloitte-нің нәтижелеріне негізделеді. Өзара түсіністік жөніндегі Меморандум несиегерлерге ешқандай құқықтық міндеттер жүктемейді. Қайта құрылымдау алдын ала келісілген белгілі бір шарттардың орындалуына байланысты жүзеге асады.

Өзара түсіністік жөніндегі Меморандум 2009 жылдың 14-і мен 17-нші қыркүйегі аралығында Лондонда өткен БТА Банкі кеңесшілері мен Кредиторлар Комитетінің кеңесінде әзірленді.

БТА Банкі өзінің барлық кредиторларына осындай қиын-қыстау кезеңде қолдау мен түсіністік көрсеткендері үшін алғыс білдіреді. Қайта құрылымдау шеңберінде БТА Банкі опцияны таңдауға ұсынуға және таяу арада қайта құрылымдау барысын үдерісін тамамдауға дайындалуда.

Өзара түсіністік жөніндегі Меморандум мен «БТА Банкі» АҚ мен «Самрұқ-қазына» АҚ ұлттық әл-ауқат қорының арасында қол қойылған өзара түсіністік жөніндегі қосымша Мемарандумына www.bta.kz. ресми сайты арқылы қол жеткізуге болады.

Кредиторлар Комитеті туралы

БТА Банкте бекітілген Кредиторлар Комитетінің құрамына ABN AMRO Bank (Нидерланды), Commerbank Aktiendesellscha The D. E. Shaw group, Euler Hermes Kreditversicherungs AG (Германия Федерациялық Респупликасының мүддесін білдіретін), Fortis Investment Management UK Limited, Gramercy Advisors LLC, ING Asia Private Bank Limited, JP Morgan Chase Bank, N.A., KfW ( өзінің еншілес құрылымдары - DEG - Deutsche Investitions- und Entwicklungsgesellschaft mbH и KfW IPEX-Bank GmbH), Mediobanca – Banca Di Credito Finanziario S.p.A., Standard Chartered Bank, АҚШ Эксим Банкі and Wachovia Bank N.A. танытатын) кіреді.

«БТА Банкі» АҚ туралы

«БТА Банкі» АҚ әріптестерінің желісі Ресейді, Украинаны, Беларусьті, Грузияны, Арменияны, Қырғызстанды және Түркияны қамтиды. БТА-ның өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ-да қызмет істейді.

Қазақстан Республикасында «БТА Банкі» АҚ аса зор дамыған филиалдық желілерінің бірі (22 көрсету терминалдарының(160) кеңейтілген торабы бар. БТА Банкі 1,2 миллионға жуық жеке және 132 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

Гауһар Балтабаева
«БТА Банкі» АҚ
Бренд-офисінің бас маманы
8 (727) 2 50-53-78
8 7011813132
e-mail: gbaltabaeva@bta.kz