Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Ағылшын соты Мұхтар Аблязов пен өзге де жауапкерлердің өтінішін қарастырудан бас тартты және олардың бүкіл әлем бойынша барлық активтері туралы ақпараттарды ашуды талап етті

09.10.2009

2009 жылдың 30 қыркүйегінде Лондондағы апелляциялық сот «БТА» АҚ-ның бұрынғы топ-менеджерлері – Мұхтар Аблязовқа, Роман Солодоченко мен Жақсылық Жарымбетовке тиесілі активтер туралы ақпараттарды ашу жөнінде қаулы қабылдады. Соттың шешіміне сәйкес бұл ақпараттар Lovells халықаралық заң фирмасы басқарып отырған Лондондағы банктің заңгерлер тобына берілуі тиіс. Бұл шешім заңгерлерге жауапқа тартылғандардың мүліктеріне бақылау жасауға және банктің алаяқтық туралы шағымы бойынша сот шешімі қабылданғанға дейін мүліктердің ысырап болып, жұмсалып кетуіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қолдануға мүмкіндік беру болып табылады.

Ағымдағы жылдың тамыз айында «БТА Банк» АҚ Лондондағы Англияның Жоғарғы соты Қазақстаннан кетіп қалған және осы уақытта Англияда тұрып жатқан директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы – М.Аблязовқа, басқарманың бұрынғы төрағасы Р.Солодоченкоға және басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Ж. Жарымбетовке қарсы тергеуді бастады. 2009 жылдың 13 тамызында Англияның Жоғарғы соты банк шағымы бойынша қамтамасыз етушілік шара ретінде аталған тұлғаларға, сондай-ақ банктің ойынша оларға көмек көрсеткен Ұлыбританияның үш азаматына және бір ағылшын компаниясына тиесілі бүкіл әлемдегі активтерді тежеу туралы бұйрық шығарды. Бұл шараны Жоғарғы сот аталған тұлғалардың өткен жылдың ішінде өздері құпия түрде басқарып отырған компаниялардың пайдасына шешілген бірқатар күмәнді мәмілелер жасап, тек осы бір істің аясында ғана БТА-дан 300 млн. долларды алаяқтық жолмен шығарғандығы жөнінде банктің айғақ беруі негізінде қабылданды. Осы соттық тергеудің аясында банк жоғарыда көрсетілген мәмілелер бойынша төленген қаражаттарды қайтарып алуды , сондай-ақ банк болашақта банктің бұрынғы басшыларының алаяқтық әрекеттеріне байланысты шағым жазуды көздеп отыр.

Сот қаулысына сәйкес жауапқа тартылғандар, соның ішінде М.Аблязов өздерінің бүкіл әлемдегі активтері жөнінде нақтылы ақпараттар беруге міндетті. Айыпталушылар бұл талапты орындаудан, өзге себептерден бөлек бұл ақпараттарды оларды құқық бұзғандықтары үшін жауапқа тарту үшін Қазақстандық полиция және прокуратура қызметкерлері пайдалануы мүмкіндігін негізге ала отырып бас тартты.

Ескерту: 2009 жылдың ақпан айында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры «БТА Банк» АҚ акцияларының бақылаушы пакетін иеленді. Аталған шара Қазақстанның банк жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шаралар аясында іске асырылды. Банк басшылары ауысқаннан кейін көп ұзамай-ақ Мұхтар Аблязов, Роман Солодоченко және Жақсылық Жарымбетов басқарған БТА-ның бұрынғы басшылығы өз лауазымдарын асыра пайдаланғаны, өз мүдделері үшін және Банк мүдделеріне қарама-қарсы бірқатар несиелік және басқа да мәмілелер жасағаны анықталды. «БТА Банк» активтерін қайтарып алу мақсатындағы жұмыстар жөнінде Lovells халықаралық заңгерлік фирмасымен және PriceWaterhouseCoopers аудиторлық компаниясымен кеңесші ретінде ынтымақтаса іс-әрекет жасауда.

***

БТА тобы – ТМД территориясында алдыңғы қатардағы банк желілерінің бірі.
«БТА Банкі» АҚ әріптестерінің желісі Ресейді, Украинаны, Беларусьті, Грузияны, Арменияны, Қырғызстанды және Түркияны қамтиды. БТА-ның өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ-да жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасында «БТА Банкі» АҚ аса зор дамыған филиалдық желілерінің бірі (22 филиал мен 269 бөлімше) және банкоматтардың (864), сондай-ақ өзіне өзі қызмет ету терминалдарының(160) кеңейтілген торабы бар. БТА Банкі 1,2 миллионға жуық жеке және 132 мың корпоративтік клиенттерге қызмет жасайды.

БАҚ-пен байланыс үшін
Гауһар Балтабаева
«БТА Банкі» АҚ
Бренд-офисінің бас маманы
8 (727) 2 50-53-78
8 70141813132
e-mail: gbaltabaeva@bta.kz