Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банк» АҚ ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында 37 млрд. теңгені игерді

12.10.2009

«БТА Банк» АҚ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мемлекеттік бағдарламасы аясында ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруды табысты аяқтады. Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде БТА тобы 10 429 заем сатып алушыларымен қайтадан келісім шарт жасасты, 37 млрд теңге немесе екінші деңгейдегі банктер үшін бөлінген қаржының 30%-дан астамы игерілді.

Бағдарламаны өткізу барысында БТА 11 423 өтінім түсті, ал оның 10 620-ы банктің несие комитетінің қолдауымен қабылданды. Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының заем сатып алушылары барынша белсенділік танытты.

Бағдарламаға заем сатып алушылардың негізгі екі категориясы: бюджеттік саланың қызметкерлері, сондай-ақ тұрғындардың әлеуметтік жағдайы нашар топ өкілдері қатысты, қайта қаржыландырудың бірлігі жоғарыда көрсетілген әлеуметтік топтар үшін жылдық көрсеткіштің 11%-ын құрады. Бөлінген қаражаттың 80%-ы «қатардағы несиеге» және «әлеуметтік несие» категориясына 20%-ы жаратылды.

-«БТА барлық мемлекеттік бағдарламаларға толық ауқымда қатысып отырады. Ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру Мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген қаражатты түгелдей жұмсадық. Аталмыш бағдарламаның 1 қазаннан біткеніне қарамастан, банк мемлекеттік бағдарламалардың талаптарына сәйкес несиені өтеуден шыққан қаражат негізінде заемдерді қайта қаржыландыруды жалғастыруда. Сонымен қатар, БТА Банк «Қазақстандық Ипотекалық Компания» АҚ бағдарламасы бойынша жылдық 11,2%-бен де ипотекалық кредиттер беріп жатыр»,- деп атап өтті банктің басқарма директоры Күнсұлу Қапбасова.

Бағдарламаның мақсаты ипотекалық заемдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғындарды ипотекалық несиелер бойынша сыйақыларды төмендету жолымен қолдау үшін 2009-2010 ж.ж. экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында қайта қаржыландыру болды. Белгілі болып отырғанындай, бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан 120 млрд теңге бөлінді.

***

БТА тобы – ТМД аумағындағы алдыңғы қатарлы банктік тораптардың бірі болып саналады. БТА Банкі» АҚ әріптестерінің желісі Ресейді, Украинаны, Беларусьті, Грузияны, Арменияны, Қырғызстанды және Түркияны қамтиды. БТА-ның өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ-да қызмет істейді.

Қазақстан Республикасында «БТА Банкі» АҚ аса зор дамыған филиалдық желілерінің бірі (22 филиал мен 237 бөлімше ) және банкоматтардың (864), сондай-ақ өзіне-өзі қызмет ету терминалдарының (160) кеңейтілген торабы бар. БТА Банкі 1,2 миллионға жуық жеке және 132 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ-мен байланысу үшін:

Гауһар Балтабаева
«БТА Банкі» АҚ
Бренд-офисінің бас маманы
8 (727) 2 50-53-78
8 7011813132
e-mail: gbaltabaeva@bta.kz