Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банк » АҚ басшылығындағы өзгеріс

12.10.2009

Қазан айының 7-ші жұлдызында «БТА Банкі» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен Ардақ Сиязбекұлы Орымбаев, «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары және Басқарма Мүшесі болып сайланды.

Өмірбаяны:

1995 жылы ҚР ІІМ Жоғарғы мектебінің «Құқықтану» мамандығын бітірді. 2005 жылы Қарағанды экономикалық университетінде экономика Бакалавры дәрежесін алды. 2006 жылы Йельский Университетінің менеджмент Мектебінде (АҚШ) «Менеджмент бағдарламасындағы жетекшілік» оқыту курсын өтті. 1994 жылдан 2000 жылдар аралығында ҚР прокуратура органында түрлі жедел-тергеу қызметтерінде жұмыс істеді. Содан кейін ҚР юстиция Министрлігінде және ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінде Басқарма бастығы, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының Департаменттерінің директоры, Агенттіктің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 2006 жылдан «ТДҚ «Қазына» АҚ Ұлттық инновациялық қорда, 2007 жылдан – «Ұлттық компанияның «Сарыарқа» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары болып қызмет істеді.2008 жылы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқарма мүшесі, Төрағаның Орынбасары болды. 2008 жылдың желтоқсанынан 2009 жылдың 17 наурызы аралығында «Қазақстанның инвестициялық қоры» Басқармасының Төрағасы. 2009 жылдың 7 қазанынан «БТА Банк» АҚ Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының Орынбасары қызметінде болды.

***

БТА тобы – ТМД аумағындағы алдыңғы қатарлы банктік тораптардың бірі болып саналады. БТА Банкі» АҚ әріптестерінің желісі Ресейді, Украинаны, Беларусьті, Грузияны, Арменияны, Қырғызстанды және Түркияны қамтиды. БТА-ның өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ-да қызмет істейді.

Қазақстан Республикасында «БТА Банкі» АҚ аса зор дамыған филиалдық желілерінің бірі (22 филиал мен 237 бөлімше ) және банкоматтардың (864), сондай-ақ өзіне-өзі қызмет ету терминалдарының (160) кеңейтілген торабы бар. БТА Банкі 1,2 миллионға жуық жеке және 132 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ-мен байланысу үшін:

Гауһар Балтабаева
«БТА Банкі» АҚ
Бренд-офисінің бас маманы
8 (727) 2 50-53-78
8 7011813132
e-mail: gbaltabaeva@bta.kz