Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банк «Республика» газетінің төңірегінде болып жатқан жағдайларды саяси реңк берілуіне қарсы

14.10.2009

Бүгін , 14 қазанда «БТА Банкі» АҚ-ның Жолдасбеков 97 мекен-жайында орналасқан бас офистің алдында «Республика» газетінің және бірқатар құқық қорғау, саяси ұйымдардың ұйымдастыруымен санкцияландырылмаған наразылық акциясы өтті. Газетті жабу мақсатымен басылым редакторы мен шығарушыларын соттық қудалау, редакцияға қысым көрсетуді ұйымдастыруға қатысты торуылдауға қатысушылар өздерінің шағым-тілектерін ұсынды.

«БТА Банкі» АҚ тағылған айыптаулардың ешқандай негізсіз бос сөз екендігін мәлімдеді. ЖБҰ «DPA», «Шабыт – Инфо» меншік иелері, газеттің редакторы мен шығарушылары Гүзел Байдалинова мен Ирина Петрушоваға қатысты қуыным Банк мүддесі мен құқығын қорғау мақсатына бағытталған. Аталмыш басылым ( РЕСПУБЛИКА – іскерлік шолу. 2 Қайталау», сонымен қатар бірқатар басылымдар мен Интернет-қорда газет редакциясының шығаруымен) БТА Банкі мен онын басшылығының іскерлік беделіне нұқсан (кір) келтіретін тексерілмеген дұрыстығына көз жеткізілмеген мәліметтерді үнемі жариялайды. Бұл журналистік әдеп (этикаға) нормасы мен заңнама талаптарына қайшы келеді. Банк талабының мақсаты – жарияланымдарды жоққа шығарып, Банк жұмысының редакцияда жарық көруінің өзгеруін талап етеді.

БТА Банк жарқын да обьективті принциптермен ақпараттардың жариялануының жақтаушысы болған және болып қала береді. Банк туралы барлық мәліметтерді үнемі, кең ауқымда және жедел түрде Банк іс-шаралары мен хабарларында беріледі және оған еркін қол жеткізуге болады.

Біз Банк төңірегінде болып жатқан жағдайларды саяси реңк берілуіне және оның жұмысына араласу әрекеттерінің күшеюіне көңіл алаңдатушылығымызды білдіреміз. Кризске қарсы іс-шаралардың өткізу жағдайында Банке қарсы жасалған кез келген қысым жасау әрекеті клиенттердің ғана емес, БТА акционерлері мен кредиторларының да , сонымен қатар еліміздің барлық қаржылық секторының да мүддесіне қайшы келеді.

***

БТА тобы – ТМД территориясында алдыңғы қатардағы банк желілерінің бірі. «БТА Банкі» АҚ әріптестерінің желісі Ресейді, Украинаны, Беларусьті, Грузияны, Арменияны, Қырғызстанды және Түркияны қамтиды. БТА-ның өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ-да жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасында «БТА Банкі» АҚ аса зор дамыған филиалдық желілерінің бірі (22 филиал мен 269 бөлімше) және банкоматтардың (864), сондай-ақ өзіне өзі қызмет ету терминалдарының(160) кеңейтілген торабы бар. БТА Банкі 1,2 миллионға жуық жеке және 132 мың корпоративтік клиенттерге қызмет жасайды.

БАҚ-пен байланыс үшін

Гауһар Балтабаева
«БТА Банкі» АҚ
Бренд-офисінің бас маманы
8 (727) 2 50-53-78
8 70141813132
e-mail: gbaltabaeva@bta.kz