Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Алматының мамандандырылған қаржылық соты «БТА Банкі» АҚ-ның қайтақұрылымдау ісін занды деп таныды

23.10.2009

16 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық соты «БТА Банкі» АҚ-ның қайтақұрылымдау туралы өтінішін толық қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Қазақстан Республикасының «Банк және банк қызметі туралы» заңына сәйкес Банктің қайтақұрылымдау туралы шешімі негізделген, заңнаманың барлық талаптарына сәйкес деп танылды.

Осыған орай Банкіге кредиторлар кеңесінің алдында қайтақұрылымдау жоспарын ұсынып, бекіту нұсқалды.

БТА-ның ішкі қарызын қайтақұрылымдау туралы келіссөздері қаржылық қадағалау Агенттігінің белгілеген мерзіміне сәйкес жалғасуда. Қаіргі кезде Банк Кредиторлар Комитетімен өзара түсіністік жөнінде Мемарандумға қол қойды және банк ұсынған нұсқадағы қайтақұрылымдау жоспарына ҚҚА-ның тарапынан қолдау алды. Банк 7 желтоқсанға дейінгі мерзім ішінде банктің Кредиторлар Комитетімен келісімге қол қойып, оны ҚҚА-ға ұсынуы тиіс. Қайтақұрылымдаудың мақсаты Қайтақұрылымдаудың күшіне енген сәтінен капиталдың баламалығы мен Банк несиегерлерінің алдындағы қарызын әділетті өтеу туралы ҚҚА-ның реттеуші талаптарын қанағаттандыру болып табылады.

***

БТА тобы – ТМД аумағындағы алдыңғы қатарлы банктік тораптардың бірі болып саналады. БТА Банкі» АҚ әріптестерінің желісі Ресейді, Украинаны, Беларусьті, Грузияны, Арменияны, Қырғызстанды және Түркияны қамтиды. БТА-ның өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ-да қызмет істейді.

Қазақстан Республикасында «БТА Банкі» АҚ аса зор дамыған филиалдық желілерінің бірі (22 филиал мен 237 бөлімше ) және банкоматтардың (864), сондай-ақ өзіне-өзі қызмет ету терминалдарының (160) кеңейтілген торабы бар. БТА Банкі 1,2 миллионға жуық жеке және 132 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ-мен байланысу үшін:

Гауһар Балтабаева
«БТА Банкі» АҚ
Бренд-офисінің бас маманы
8 (727) 2 50-53-78
8 7011813132
e-mail: gbaltabaeva@bta.kz