Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі»-де семинар өтті

17.11.2009

10-12 қарашада Алматы қаласында БТА Банкінде Заңсыз жолмен алынған ақшаға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (ЗЖАА/ҚҚІҚ) және Қазақстандағы екінші деңгейдегі банкілер комплаенс-бақылау қызметіндегі бөлімше қызметкерлеріне арнап семинар өткізілді.

Ағымдағы жылдың 28 тамызында Қазақстанда «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл " туралы Заң қабылданды.

Халықаралық және Ресей тәжірибесіндегі Заңсыз жолмен алынған ақша мен терроризмді қаржыландыруға қарсы күреспен Қазақстан банкілерінің өкілдерін таныстыру мақсатында ҚР Қаржы Министрлігінің қаржы мониторингі комитеті мен РФ Халықаралық қаржы мониторингінің оқыту-әдістемелік орталығы БТА Банкі базасының аясындағы қызметкерлер үшін Қазақстандағы екінші деңгейдегі банкілер комплаенс-бақылау қызметіне сәйкес бөлімше қызметкерлеріне арнап семинар өткізді.

Семинарға қатысушыларды қатты толқытқан мәселелер – заңсыз жолмен алынған ақшаға және терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру үшін өз банкілерінде ішкі бақылауды қалай ұйымдастыру деген шешімін таппай жүрген негізгі аспектілер болды. Іс-шара барысында Ресей мен ҚР Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетіндегі әріптестеріне олар өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын тікелей қою мүмкіндігіне ие болды. Бөлімшелердің қаржылық мониторинг бойынша жұмыс істеуі мен құрылуының үздік тәжірибиесімен танысып, кепілдемелерін алып, өзге банктегі әріптестерімен өзекті мәселелер турасында пікір алмасты. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар күмәнді операцияларға арнайы қамтамасыз етілген бағдарламаның көмегімен тест режимі арқылы талдау жасай алды.

Семинарды ұйымдастырушылары мен барлық қатысушылары бұл шараның пайдалы жағы мен үлкен практикалық мәнін атап өтті. Семинар соңында барлық қатысушылар сертификат алды.