Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ және кредиторлар комитеті қайта құрылымдаудың негізгі коммерциялық шарттарына қол қойды (Principal Commercial Terms Sheet)

08.12.2009

«БТА Банкі» АҚ 2009 ж. 7 желтоқсанында кредиторлар комитеті* және Банк қаржылық қайта құрылымдау қатынасының Principal Commercial Terms Sheet (ары қарай – «Негізгі коммерциялық шарттары») құжатына қол қойды.

Негізгі коммерциялық шарттардың мазмұны Банктің кредиторларының әртүрлі топтарына ұсынылатын құжаттар тізбесі туралы толық ақпараттардан тұрады. Аталмыш құжат – бекітілген соңғысы емес, белгіленген мерзімге сай толық талаптармен әлі де толықтырулар енгізіледі. Банктің қаржылық кредиторлары үшін негізгі коммерциялық шарттар заңнамалық міндетті құжат болып табылмайды. Қайта құрылымдаудың аяқталуы бірқатар келісімдерді, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банк кредиторларының жиналысында мақұлдауын қажет етеді. Негізгі коммерциялық шарттардың толық мәтіні Банктің веб-сайтына орналастырылған. (www.bta.kz).

Қайта құрылымдау кестесі жайында толық ақпарат бекітілген тәртіппен жарияланатын болады.

* БТА Банкте бекітілген Кредиторлар Комитетінің құрамына ABN AMRO Bank N.V. (Global Restructuring Group банкінің Royal Банк of Scotland plc мүшелерінің қолдауымен), Commerzbank Aktiengesellschaft, D. E. Shaw Oculus International, Inc., Euler Hermes Kreditversicherungs AG (Германия Федерациялық Респупликасының мүддесін білдіретін), Fortis Investment Management UK Limited, Gramercy Advisors LLC, ING Asia Private Банк Limited, KfW (өзінің еншілес құрылымдары ¬- DEG - Deutsche Investitions- und Entwicklungsgesellschaft mbH и KfW IPEX-Банк GmbH), Standard Chartered Банк, Export-Import Банкі of the United States and Wachovia Банк N.A. кіреді

http://bta.kz/ru/investor/shinfo/

***

«БТА Банкі» АҚ әріптестерінің желісі Ресейді, Украинаны, Беларусьті, Грузияны, Арменияны, Қырғызстанды және Түркияны қамтиды. БТА-ның өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАЭ-да жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасында «БТА Банкі» АҚ аса зор дамыған филиалдық желілерінің бірі (22 филиал мен 231 бөлімше) және банкоматтардың (921), сондай-ақ өзіне өзі қызмет ету терминалдарының (160) және POS-терминалдарының кеңейтілген торабы бар. БТА Банкі 1,2 миллионға жуық жеке және 145 мың корпоративтік клиенттерге қызмет жасайды

БАҚ-пен байланыс үшін:

Гауһар Балтабаева
«БТА Банкі» АҚ
PR Департаментінің бас маманы
8 (727) 2 50-53-78
8 70141813132
e-mail: gbaltabaeva@bta.kz