Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі кредиторлармен келіссөздерінің негізгі кезеңінің ойдағыдай аяқталғанын хабарлайды

22.12.2009

«БТА Банкі» АҚ кредиторлармен келіссөздерінің негізгі кезеңінің ойдағыдай аяқталғанын хабарлайды. 7 желтоқсанда Лондонда банктің өткізген қаржылық қайта құрылымдаудың «Қайта құрылымдаудың негізгі коммерциялық шарттарына» (Principal Commercial Terms Sheet) қол қою аяқталды.

БТА Банкі Басқарма Төрағасы, Әнуар Сәйденовтің ойынша – «бұл құжатқа қол қойғаннан бастап, біз қаржылық институтты жаңартуға бағытталған үлкен қадам жасадық. Бүгінгі күні, біз сеніммен – банктің тұрақсыз кезеңі артта қалды – деп айта аламыз, бізді жаңа да ауыр міндеттер күтіп тұр, соларды шешетін болсақ, БТА нарықтағы өзінің негізгі орнын қайта қалпына келтіру мүмкіндігіне ие болады.»

Қол қойылған құжатқа сәйкес кредиторлар санатының тәуелділігіне қатысты қайта құрылымдаудың аясында кредиторларға ұсынылған опциялар үлкен борыштың (senior debt) төрт негізгі пакетіне және кіші борыштың екі пакетіне (junior debt) бөлінді.

Үлкен борыштың бірінші пакетіне (Senior Package 1) көбінесе банктің облигациялары мен борыштары бойынша талаптар және 7,6 миллиард АҚШ доллар сомаға жуық сауданы қаржыландыру бойынша міндеттемелердің бір бөлігі енгізілетін болады. Аталмыш пакет 946 миллион АҚШ доллар сомасына ақшалай төлем жолымен, дисконттық 70 пайыздық жаңа сегіз жылдық борыштық қағазымен және 15 жылдық реттелген борыштық құралдарымен қайта құрылымдалады. Кредиторлар қосымша түрде банктің 8,5 пайызға жуық акциясын алады.

Үлкен борыштың екінші пакетіне (Senior Package 2) кредиттік-сарапшылық агенттіктердің талаптарымен БТА-ның үкімет пен басқа да мемлекеттік ұйымдардың алдындағы кейбір міндеттемелері және сауданы қаржыландыруға байланысты өзге міндеттемелерінің де бір бөлігі кіреді. Екінші пакет бойынша қайта құрылымдалатын міндеттемелердің барлық соммасы 1,6 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрайды. Аталмыш пакет Original Issue Discount Instrument (OID) деп аталатын арнайы борыштық құралдардың шығуын көздейді. OID басқа екінші пакет бойынша кредиторларға 15 жылдық реттелген борыштық құралдарының 105 миллионға жуық АҚШ долларына дейінгі соманы, банктің 1,8 пайыздық акциясын алатын болады.

Кредиторларға жоғарыда атап өтілген үлкен борышқа (Senior Package 1 и 2) қосымша түрде проблемалы активтердің сот арқылы өндіріп алатын қаражаттың бір бөлігі табыс етіледі.

Үлкен борыштың үшінші пакетіне (Senior Package 3) сауданы қаржыландыру міндеттерінің 700 миллион сомаға жуық АҚШ доллары енгізілген. Үшінші пакет қаржыландыру міндеттерінің жаңа екі жылдық (RCTFF) кредит желісін жаңарту арқылы қайта құрылымдауды көздейді.

Үлкен борыштың төртінші пакеті (Senior Package 4) исламдық қаржыландыру кредиторларына арналған (250 миллион АҚШ доллары). Аталмыш пакеттің аясында 54 миллион мөлшеріндегі АҚШ долларынан тұратын берешектің 21,5 пайызы ақшалай қаражатпен өтеледі.

Қосымша екі пакет (Junior Package 1 и 2) қазақстандық зейнеткерлік қорлар мен банктің реттелген және мерзімсіз облигацияларын ұстаушыларға ескеріліп отыр.Зейнеткерлік қорларға 20 жылдық мерзімге 28 миллиард теңгеге жуық (186 миллион АҚШ доларымен) борыштық құралдар ұсынылады. Реттелген және мерзімсіз облигацияларды ұстаушылар ( жалпы сомасы 1,1 миллиард АҚШ долларымен) БТА-ның 4,5 пайызға жуық акциясын иеленеді.

БТА Банкінің қайта құрылымдалуы 11,13 миллиард АҚШ доллар көлемінде борышты азайту және бір бөлігін акционерлік капиталға айырбастау жолымен қосымша реттеуіш капиталды жасауға мүмкіндік туғызуға тиіс. Аталмыш шараға кредиторлар мен банктің негізгі акционері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесе ортақ күш салуымен қол жеткізуге болады. ҰӘАҚ «Самұрық-Қазына» БТА Банкінің 4,5 миллиардтай АҚШ долларын акционерлік капиталға айырбастайды. Қайта құрылымдау біткен кезде Банктің «Самұрық-Қазына» – 85 пайызына, ал кредиторлар – 15 пайызына ие болатын болады.

Қайта құрылымдау аяқталған сәтінде БТА Банкінің кредиторлар алдындағы борыштық міндеттемесінің мөлшері 4 564 миллион АҚШ долларын құрауы тиіс, соның ішінде реттеуіш борышқа – 797 миллион АҚШ доллары тиесілі.

БТА Банкінің кредиторларға опциямен ұсынылған қайта құрылымдау жоспары 2010 жылдың 23 наурызына дейін кредиторлар жиналысының қолдауына берілуі тиіс.

PR Департаменті:

+7(727) 312 2426, 2664797, 2505378
e-mail:
pr@bta.kz
www.bta.kz