Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің қаржы берешегін қайта құрылымдау туралы іс жүргізу жөніндегі өндіріс британ соттарынан қорғау алып жатыр

22.12.2009

«БТА Банкі» АҚ (бұдан әрі «Банк») қайта құрылымдалуына байланысты Алматы қаласының арнайы қаржы сотындағы Банкіге қатысты ойластырылып қозғалған істі Ұлыбританияда «шетелде қаралған негізгі сот ісі»- деп танып, мойындалғандығын қуана хабарлайды. Мұндай танылу Уэлльс және Ағылшынның Жоғарғы құқық қорғау сотының бұйрығымен 2009 ж. 18 желтоқсанында ЮНИСТРАЛДЫҢ трансшекаралық дәрменсіздігі туралы Заң Үлгісіне және 2006 жылдан бергі «Трансшекаралық дәрменсіздік туралы» көрсетілген ережесіне сәйкес берілді.

Ұлыбритания аумағында осы шешімнің нәтижесінде:

Банктің құқығы мен міндеттеріне, активтеріне қатысты жекелеген іс жүргізу немесе жеке шағым-талаптарды қарап, жалғастыру істері тоқтатылады.

Банк активтеріне қатысты орындаушылық өндіріс тоқтатылатын болады.

Банк активтеріне билік жүргізуге, өткізу құқығын беруге, ауыртпалыққа салу тоқтатылсын.

Ұлыбританиядағы танылу Банктің 12 миллиард АҚШ доллар (1, 8 трлн. тенге). мөлшерге жуық қаржы берешегін қайта құрылымдау жоспарының орындалуына мүмкіндік туғызады.

Бүл пресс-релиздегі мазмұндалған ақпаратты Америка Құрама Штаттарында тікелей немесе жанама түрде ел назарына ұсынуға, жария жасап таратуға болмайды. Материалдар АҚШ-та құнды қағаздардың сатылуына ұсыныс болып табылмайды АҚШ-тың 1933 ж. «Құнды қағаздар туралы»( өзгертулері және толықтыруларымен) Заңындағы қабылданған нұсқауы мен ережелеріне сәйкес тіркелуі мен тіркелуден босатылғаны туралы хұкіметі жоқ болса, құнды қағаздарды АҚШ-та ұсынуға немесе сатуға тиым салынады. Банк АҚШ-та құнды қағаздардың кез келген бөлігін тіркеуді немесе АҚШ-та құнды қағаздар жайында көпшілік ұсынысын жүзеге асыруды жоспарламайды.

Осы баспасөз хабарламасында көрсетілген ақпарат ұсыныс немесе құнды қағаздарға қатысты мәміле жасау жөніндегі ұсыныстар (оферттерді) беруге шақыру емес. Осы баспасөз хабарламасында ескерілген құнды қағаздар бойынша ұсыныстар, шақырулар немесе тіркеусіз сатылым, кез-келген рұқсат берілмеген хұкімет (юрисдикция) территориясында сатуға болмайды, алу, тіркеуден немесе кәсіптіктен босату кез-келген хұкімет (юрисдикция) құнды қағаздар туралы заңнамаға сәйкес алынады.