Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА клиенттерінің назарына: төлем карточкаларының операцияларына тарифтік өзгерістер енгізілді

14.01.2010

Құрметті БТА Банкінің төлем карточкаларын ұстаушылар!

2010 жылдың 15 ақпанынан бастап «БТА Банкі» АҚ төлем карточкаларымен жүргізілетін операцияларға жаңа тарифтер енгізілетінін Сіздерге хабарлаймыз.

Жеке тұлғалар үшін келесі комиссиялар белгіленеді:

  • SmartAlem Card, Visa Electron/Maestro International жалақы карточкалары жоғалған/ұрланған/зақымданған кезде оларды қайта шығарғаны үшін – 500 теңге;
  • Visa Classic/MC Standard, Visa Gold/MC Gold, Visa Platinum/MC Platinum жалақы карточкалары жоғалған/ұрланған/зақымданған кезде оларды қайта шығарғаны үшін, – 1000 теңге;
  • 1 000 000 теңгеден немесе оның шетел валютасындағы баламасынан жоғары сомасын қолма-қол ақшамен «БТА Банкі» АҚ ЕКБ-де төлем карточкасын пайдалану арқылы есептегені үшін – толықтыру сомасының 0.1%.
  • Банктің жалақы карточкаларына қосымша карточкаларды шығарғаны үшін – жалақы жобасы шеңберінде кәсіпорынмен жасалған Кешенді қызмет көрсету шарты бойынша негізгі карточкаға жылдық қызмет көрсету құнынан – 100%;
  • «БТА Банкі» АҚ банкоматтарынан «Депозит 24 – Плюс Card» өнімі бойынша бір айдың ішінде 500 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін комиссия – 0.7%;
  • әрекет ету мерзімі біткен SmartAlem Card карточкалары бойынша төлем карточкасын пайдалану арқылы банктік шотты жүргізгені үшін бір жылдық комиссия – 1000 теңге (1000 теңгеден аз қалған кезде – шоттағы қалдық);
  • Visa Gold/MC Gold, Visa Platinum/MC Platinum жеке кредит карталары бойынша ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін – 2%;
  • Visa Electron кредит карточкасына бір жылдық қызмет көрсетілгені үшін – 700 теңге;
  • БТА-ның Visa Classic/MC Standard, Visa Gold/MC Gold, Visa Platinum/MC Platinum төлем карточкаларын ұстаушыларға арнап Visa Virtuon виртуалды карточкасына қызмет көрсетудің бірінші жылындағы комиссия – 0 теңге (сақтандыру депозитінсіз).

Заңды тұлғалар үшін келесі комиссиялар белгіленеді:

  • Visa Business Electron жоғалған/ұрланған/зақымданған кезде оны қайта шығарғаны үшін – 600 теңге;
  • 1 000 000 теңгеден немесе оның шетел валютасындағы баламасынан жоғары сомасын қолма-қол ақшамен банктің ЕКБ-де төлем карточкасын пайдалану арқылы есептегені үшін – толықтыру сомасының 0.1%.

Туындаған барлық сұрақтарыңыз жайлы Байланыс орталығының телефондары арқылы: 2-500-111, 2-500-222 – Алматы үшін
+8-8000-800-111 – Қазақстан бойынша қала телефондарынан тегін байланыс
0577 – Қазақстанның кез келген аймағынан Beeline абоненттері үшін тегін байланыс
немесе электронды мекенжайға хат жіберу арқылы сұрастыруыңызға болады: contactcenter@bta.kz