Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Виртуалды карточка: Интернет желісінде заттарды қиындықсыз сатып алыңыз!

15.02.2010

Құрметті БТА Банкінің клиенттері!

Сізге виртуалды карточканы пайдалануға кеңес береміз.

Виртуалды карточка – бұл карточканың1 өзін ұсынуды қажет етпейтін Интернет желісінде сатып алулар жүргізу үшін «БТА Банкі» АҚ шығарған Visa халықаралық жүйесінің төлем картасы.

Виртуалды карточканың артықшылықтары

Виртуалды карточканың басты артықшылығы қауіпсіздік болып табылады. Сіз карточкаға сатып алынатын затқа қажетті соманы ғана аудара аласыз, бұл ретте Сіздің қалған ақша қаражаттарыңызға ешқандай қауіп төнбейді.

Виртуалды карточка Сізге Visa карточкаларын қабылдайтын әлемнің барлық виртуалды дүкендерінде төлемдер жүргізу мүмкіндігін ұсынады.

Виртуалды карточканың шарттары

Валюта теңге, АҚШ доллары, еуро
Бір жылда қызмет көрсету құны 1 600 теңге

Арнайы ұсыныс

0 теңге – бұл Visa Electron/Maestro, Visa Classic/MasterCard Standard, Visa Gold/MasterCard Gold, Visa Platinum/MasterCard Platinum сияқты «БТА Банкі» АҚ шығарған карточка ұстаушылар үшін виртуалды карточкаға 1 жыл қызмет көрсету құны.

Виртуалды карточканы ашу тәртібі

1-қадам. Банктің бөлімшесінде карточканы шығаруға өтініш толтырыңыз не болмаса Байланыс орталығына келесі телефон нөмірлері бойынша қоңырау шалып, өтінім қалдырыңыз:

  • 2-500-111, 2-500-222 – Алматы қ. Үшін
    8-8000-800-111 – Қазақстан бойынша қала телефондарынан қоңырау шалу тегін
    7111 - барлық қазақстандық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін тегін нөмір
  • немесе осы жерде электрондық өтінімді толтырыңыз.

2-қадам. Қажетті құжаттарды ұсыныңыз:

  • Жеке куәлік немесе төлқұжат
  • СТТН куәлігі

Виртуалды карточка туралы толық ақпаратты осы жерден таба аласыз.

Виртуалды карточканы пайдалану бойынша кеңестер

  • Виртуалды карточкада шамаланған төлем сомасы мөлшеріндегі қаражаттарды ғана орналастырған жөн. Карточканы ақша қаражаттарын жинақтайтын құрал ретінде пайдалану ұсынылмайды.
  • Виртуалды карточканы БТА Банкінің кез келген бөлімшесінде толықтыруға болады. Толықтырудың аса ыңғайлы жолы - БТА-ның Интернет-банкинг жүйесі арқылы толықтыру: операцияны тәуліктің кез келген уақытында өзіңіз жүргізе аласыз. Толығырақ bta24.kz сайтында.
  • Виртуалды карточкаңыздың деректерін үшінші жақтарға немесе компанияларға жарияламаңыз.
  • Карточка бойынша жүргізілген операциялар көрсетілген шот үзіндісін мұқият тексеріңіз.
  • Виртуалды карточканы пайдалана отырып, шығыс операциясын жүргізгеннен кейін алты айдың ішінде электрондық поштаның хабарламаларын, Интернет-дүкеннің атауын және web-мекенжайын, сонымен қатар тауарды немесе қызметті алу шарттарын сақтап қойған жөн.
  • Кейбір Интернет-дүкендер карточкаларды қабылдау кезінде шектеу қоюы мүмкін екенін, сонымен қатар тек белгілі бір елдердің (мысалы, АҚШ және Канада) банктері шығарған карточкаларға қызмет көрсететіндігін естен шығармаңыз.

 


1 Виртуалды карточканы POS-терминалдар арқылы жай дүкендерде төлем жүргізу үшін, банкоматтардан қолма-қол ақша алу үшін, сондай-ақ кейін картаны ұсынуды талап ететін Интернеттен сатып алулар (билеттер, қонақ үйлерді брондау, автокөлікті жалға алу және т.б.) жүргізу үшін пайдалануға болмайды.

Барлық сауалдарыңызды Байланыс орталығының келесі телефондары арқылы қоя аласыз:

2-500-111, 2-500-222 – Алматы қ. Үшін
8-8000-800-111 – Қазақстан бойынша қала телефондарынан қоңырау шалу тегін
7111 - барлық қазақстандық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін тегін нөмір