Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Киевтің Соломенский аудандық соты БТА Банктің қайта құрылымдау үдерісін Украина аумағында заңды деп таныды

02.03.2010

Алматы, 2010 ж. 2 наурыз – Бүгін БТА Банкі Алматы қ. 2009 жылғы 16 қазанындағы Мамандандырылған қаржылық сотының БТА Банктің қайта құрылымдау туралы шешімінің Украина аумағында заңды деп танылғандығын хабарлады. Соған сәйкес Киевтің Соломенский аудандық сотының шешімі 2010 ж. 17 ақпанында шығарылып, 2010 жылдың 23 ақпанында заңды күшіне енді.

Украин сотының бұл шешімі ТМД –ның он мемлекеттерінің арасында 2002 жылдың 7 қазанында Молдова Республикасының Кишинев қаласында «Азаматтық, жанұялық және қылмыскерлік істер бойынша құқылық көмек және қарым- қатынас туралы конвенцияның» талаптарына сай негізделді.

Осыған орай, БТА Банкінің қаржылық берешегін қайта құрылымдау үрдісінің тиімді аяқталуына кедергі келтіруі мүмкін үшінші жақтағы тұлғалардың кез келген іс әрекетінен және шетелдік құқылық өкілеттілігі өз активтерін заңды түрде қорғау үшін БТА Банкі дәйекті жұмысын өткізеді.

БТА Банкі бұның алдында 2010 жылдың 5 ақпанында АҚШ –тың Нью –Йорк штатының оңтүстік округіндегі құзырындағы сотқа дәрменсіздік істері бойынша банктің қаржылық қарыздарын қайта құрылымдау үдерісін АҚШ аумағында заңды деп тану үшін өтініш түсірді. . Қазіргі уақытта БТА Банкінің өтініші АҚШ сотының қарауына берілді.

Сонымен қатар БТА Банкі Англия мен Уэльстің Жоғарғы әділсотының 2009 жылдың 18 желтоқсанында БТА Банктің Қаржылық қарыздарын қайта құрылымдау үдерісін Англия мен Уэльстің аумағында заңды деп тану туралы оңды сипатта шығарған Бұйрығы туралы хабарлаған болатын

БТА Банктің 2009 жылдың 16 қазанында Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық соты БТА Банктің қарыздарды қайта құрылымдау туралы өтінішін негізді әрі Қазақстан Республикасының барлық заңдылық талаптарына сәйкес деп таныды. 2009 жылдың 7 желтоқсанында Лондонда БТА Банк пен Кредиторлар комитеті БТА Банктің қаржылық қарыздарын қайта құрылымдаудың негізгі коммерциялық шарттары туралы келісімге қол қойды.

БАҚ- пен байланысу үшін:

тел. +7(727) 312 24 26, 266 47 97, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz