Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Экс-басшы және Energomash (UK) Limited – нің негізгі акционері Александр Степанов БТА Банкінің талабына сәйкес Англияның Жоғарғы сотының шешімі бойынша екі жылға сотталды

12.04.2010

Алматы, 12 сәуір 2010 ж. – БТА Банкі 2010 жылдың 31 наурызында Англияның Жоғарғы соты Energomash (UK) Limited компаниясының «Энергомаш» компаниялар тобының холдингтік компаниясының бұрынғы бас директоры әрі негізгі акционері – Александр Степановқа қатысты шешім қабылдағанын хабарлады. Бұл шешімге сәйкес Степанов мырза Жоғарғы соттың БТА Банкінің талабы бойынша соттық талқылау барысында шығарған бірнеше бұйрықтарын бұзғаны үшін екі жылға қамауға алынатыны жөнінде үкім шығарылды.

Энергиялық машина жасау саласындағы әлемде жетекші орын алатын «Энергомаш» компаниялар тобына енетін Rolls Finance Limited компаниясының іскерлік байланысына арнайы жасалған Англияның Жоғарғы Сотының талқылауы БТА Банкінің 2009 жылдың мамырындағы бастамасы бойынша жүргізілді.

Соттық талқылауда қарастырылған мәселе Rolls Finance Limited компаниясы 2008 жылдың тамызында 365 млн АҚШ доллары көлемінде берген кредиті жөнінде БТА Банкінің талаптары болып табылады. Бұл кредитті қамтамасыз ету жауапкершілігі бұрынғы бас директоры әрі негізгі акционері Александр Степанов болып табылатын Energomash (UK) Limited компаниясы акцияларының пакеті және Степанов мырзаның бұл кредитті дефольтқа ұшыраған жағдайда өтейтіні жөніндегі жеке кепілдігін алды.

Соның нәтижесінде 2009 жылдың наурызында Rolls Finance Limited кредит бойынша дефольтқа жол берді, бұл жағдай БТА Банкінің осыған сәйкес Степнов мырзаға қарсы соттық талабы себеп болды. Талқылау үдерісінің барысында Степнов мырза сотқа, оның дәлелдемек болуына қарағанда, 2008 жылдың соңында онымен БТА Банкі арасында қол қойып, бекітілген қосымша келісімдерді көрсетті. Бұл құжаттар кредиттік келісімдердің шарттарын банктің мүдделеріне нұқсан келетіндей елеулі түрде өзгертті, дегенмен қолтаңбанушылық сараптау нәтижесінде бұл құжаттардың қолдан жасалған жалғандығы мойындалды және оқиғалардың Степнов мырза ойлағандай дамуына тосқауыл қойылды.

2009 жылдың 14 қазанында Англияның Жоғарғы соты Степнов мырзадан БТА Банкінің пайдасына 458 млн АҚШ долларын кері шегеру жөнінде үкім шығарды. Қазіргі уақытта БТА Банкі Ұлыбританияда да, Ресейде де соттың осы үкімінің орындалуы жөнінде әр түрлі қадамдар жасауды қолға алуда.

Оның үстіне 2009 жылы Мәскеу қаласының Черемушкино аудандық соты БТА Банктің пайдасына оның Степанов мырзаның жеке кепілдік беруіне қатысты үкім шығарды. Қазіргі уақытта бұл үкім соттық шешімінің орындалуы бойынша Ұлыбритания мен Ресейде жүзеге асыруға қадамдар жасалуда.

Сонымен қатар, Англияның Energomash (UK) Limited компаниясы қазіргі уақытта мәжбүрленген жойылу жағдайында деп атап өткен ләзім. 2009 жылдың 14 қазанындағы үкіміне қосымша Англияның Жоғарғы соты өз бұйрығы арқылы Степанов мырзаға оған тиесілі активтер, соның ішінде Степанов тікелей немесе жанама түрде бақылауында ұстап отырған «Энергомаш» тобының активтері жөніндегі ақпаратты жариялау туралы міндеттерін жүктеді. Сондай-ақ Англияның Жоғарғы сотының бұйрығы арқылы Степановтың бақылауындағы активтер арқылы, олардың қай жерде екендігіне қарамастан, кез –келген іскерлік байланыс жасауға тыйым салынды.

Степановтың осы бұйрықтарды орындамауына байланысты Англияның Жоғарғы соты 2010 жылдың 31 наурызында Степановты сотты сыйламағаны үшін кінәлі деп таныды, Степанов мырзаны қамауға алу жөнінде ордер берді және Степанов мырзаның қамауға алынған сәтінен бастап оны екі жыл түрмеге жабу жөнінде шешім қабылдады.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 24 26, 266 47 97, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz