Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банктің жаңа құрылымдауы жаңа кезеңге ауысты

16.04.2010

Алматы, 16 сәуір 2010 ж. – Бүгін БТА Банкі қайта құрылымдаудың жаңа кезеңіне өтетінін хабарлады. Бұл кезеңде еурооблигация мен мерзімі шектелмеген бағалы қағаздарды ұстаушылардың жиналысы ұйымдастырылып, банктің қаржы берешегін қайта құрылымдау Жоспарын талқылау барысына дауыс беру өткізіледі.

Сонымен, 2010 жылдың 12 сәуірінде Банктің BTA Finance Luxembourg S.A. еншілес қаржы ұйымы – 2010 жылдың 22 сәуірінде мерзімі шектелмеген бағалы қағаздарды ұстаушыларға жиналыс болатынын атап өтті. Ал кеше Банктің екінші TuranAlem Finance B.V. атты еншілес қаржы ұйымы 2010 жылдың 7 мамырында облигация ұстаушыларын жиналысқа шақырды. Егер осы жиналыс кворумның толық болмауына байланысты кейінге қалдырылатын болса, онда жаңа жиналыс 2010 жылдың 24 мамыр күні өтетін болады.

Бұл жиналыстардың мақсаты 2010 жылдың 28 мамырына таман өткізілетін Банк кредиторларының қайта құрылымдау Жоспарын бекітуге ықпал ету болып табылады.

Банктің бағалы қағаздарын ұстаушылары БТА Банктің btas.bondholders@lazard.fr мекенжайы бойынша қаржы кеңесшілерінде тіркеліп, өзінің құнды қағаздарды иеленетіні жайлы жеткілікті түрде ақпаратын ұсынуы тиіс. Бұл қайта құрылымдауға қатысатын тұлғалардың өзара әрекеттеріне айтарлықтай көмек болады.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 24 26, 266 47 97, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz