Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі мен кредиторлар Комитеті қайта құрылымдау келісіміне қол қойды

19.04.2010

Алматы, 19 сәуір 2010 ж. – Бүгін БТА Банкі кредиторлар Комитетімен қайта құрылымдаудың (Detailed Terms relating to Restructuring of Financial Indebtedness of JSC BTA Bank) Келісіміне қол қойғанын хабарлады.

Бұл Келісім БТА Банкінің қаржылық қайта құрылымдаудың бөлшектелген шарттарынан тұрады. Аталмыш келісім 2009 жылдың 7 желтоқсанында қол қойылған қайта құрылымдаудың негізгі коммерциялық талаптары жөніндегі және 2010 жылдың 17 наурызында қол қойылған қайта құрылымдаудың негізгі коммерциялық шарттарына түзетулер енгізу туралы келісімге сәйкес жасалған.

Сонымен қатар қайта құрылымдау талаптары жайындағы келісім БТА Банктің кредиторлары үшін заңды міндеткерлік жүктейтін құжат болып табылмайды және БТА Банкінің бұдан кейінгі қайта құрылымдау үдерісі әр түрлі бекіту шараларын қажет ете отырып, ҚР аумағында өткізілетін БТА Банкі кредиторларының міндетті жиналысының мақұлдауына байланысты.

2010 жылдың 21 сәуірі сәрсенбі күні 7:00 және 15:00 сағаттарында (Лондон уақыты бойынша) БТА Банкі телефон конференциясы барысында инвесторлар үшін презентациясы өткізіледі. Бұл телеконференцияға қатысу тәртібі туралы толыққанды ақпарат инвесторларға бүгінгі күні беріледі.

Қайта құрылымдаудың шарттары туралы келісімнің толық мәтіні белгіленген тәртіппен БТА Банкінің www.bta.kz/en/investor/ корпоративті сайтына орналастырылады.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 24 26, 266 47 97, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz