Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі Ақпараттық Меморандумды жариялай отырып, 2010 ж. 28 мамырында қайта құрылымдау Жоспары қаралуы тиіс кредиторлар жиналысын белгіледі

05.05.2010

Алматы, 5 мамыр 2010 ж. – Бүгін БТА Банкі 2010 жылдың 28 мамырында қаржы кредиторларының қатысуымен (бұдан кейін – «Кредиторлар Жиналысы») БТА Банктің қаржылық берешегінің қайта құрылымдау Жоспарын қарастыратын ( бұдан кейін – «қайта құрылымдау Жоспары»)  жиналысы өтетінін хабарлады.

2010 жылдың бірінші мамырында БТА Банкі қайта құрылымдау Жоспарының толық ақпаратын мазмұндайтын Ақпараттық Меморандумды жариялады. Сонымен қатар, кредиторлар үшін қайта құрылымдау Жоспары бойынша дауыс беру шаралары мен оған байланысты талаптарды ұсыну жайындағы мәлімет берілген. Көрсетілген Ақпараттық Меморандум Банктің www.bta.kz/en/investor ресми сайтында жарияланған.

Қайта құрылымдау Жоспарына сәйкес Банктің қаржы кредиторларының талаптары қайта құрылымдалады, соның нәтижесінде көптеген кредиторлар қолма-қол қаржыны және Банктің жаңа бағалы қағаздарын алады. БТА Банктің қаржы берешегінің қайта құрылымдау талаптары Ақпараттық Меморандумда толық баяндалған.

 Қайта құрылымдау Жоспары БТА Банктің берешегінің үштен екі көлемінен аз емес мөлшерін құрайтын талаптары мен құрылымдалуға тиісті кредиторлардың ұйғарымын ескереді.

Өткенде Банк 2010 жылдың 7 мамырына жоспарланған TuranAlem Finance B.V. еншілес компанияларындағы еврооблигацияларды ұстаушылардың жиналысын өткізуді (бұдан кейін – «еврооблигацияларды ұстаушылар»), сонымен қатар  2010 ж. 25 мамырында  кезектен тыс BTA Finance Luxembourg S.A. жалпы акционерлер жиналысының мерзімін ауыстырғанын хабарлады. Жиналыс негізінде еврооблигацияларды Ұстаушылар қайта құрылымдау Жоспарының қаулысы бойынша төтенше шешім қабылдауы тиіс және кредиторлар Жиналысында Сенімді ұстаушыны  өздерінің атынан дауыс беруін уәкіл етулері керек. Өз кезегінде BTA Finance Luxembourg S.A акционерлері кредиторлар Жиналысында қайта құрылымдау Жоспарын бекітуге көмектесу мақсатында белгілі шешімдерді қабылдаулары тиіс.

2010 жылдың 28 мамырына жоспарланған Кредиторлар Жиналысы мен осы жиналыстарға қатысу нұсқасы Ақпараттық Меморандумда баяндалған.

Осы уақытқа дейін сәйкестендірілген кредиторлар Жиналысы туралы хабарлама алмаған еврооблигацияны Ұстаушылар өздерінің заңи тұлғасына немесе басқа Euroclear және Clearstream сияқты тура қатысушыларымен байланысулары керек. Аталмыш хабарламада еврооблигация Ұстаушылар қабылдауға тиіс нұсқаулар мен іс-әрекеттердің барысы туралы мазмұндалған.

Өз кезегінде, BTA Finance Luxembourg S.A.,мерзімі шектелмеген бағалы қағаздардың иеленушілері ауыстырылған кезектен тыс өткізілетін акционерлердің жалпы жиналысы туралы әлі күнге дейін хабарлама алмағандар өздерінің заңи тұлғаларына немесе басқа Euroclear және Clearstream сияқты тура қатысушыларымен байланысулары тиіс. Акционерлерге арналған хабарламалар кезектен тыс жалпы жиналыс пен жекеменшік- бенефициарларға қажетті іс-әрекеттердің барысы туралы нұсқаудан тұрады.

БТА Банкі сонымен қатар өз кредиторларына Ақпараттық Меморандумда айтылған қайта құрылымдау Жоспары және қарастырылып отырған БТА Банктің жаңа бағалы қағаздарын бөлісу  және шығару талаптарының 2010 жылдың 18 сәуірінде БТА Банкі мен Кредиторлар Комитетінің қаржылық берешегін қайта құрылымдау Келісіміне қарағанда өзгешелігі барлығын хабарлайды. Соған орай, кредиторлар қаржылық берешекті қайта құрылымдау талаптары жайындағы Келісімді емес, Ақпараттық Меморандумда баяндалған қайта құрылымдау Жоспарына өз шешімдерін негіздеулері тиіс.

 

 

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 24 26, 266 47 97, 250 53 78

e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz