Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі «Жаңа мүмкіндіктер кезеңі» атты жаңа жарнамалық науқанына кірісті

06.05.2010

Алматы, 6 мамыр 2010 ж. – Бүгін БТА Банкі қаржы институтының жаңартылған имиджінің стратегиялық маңызды түйіні болып табылатын «Жаңа мүмкіндіктер кезеңі» атты жаңа жарнамалық науқанына кіріскенін хабарлады. Науқан аясында қазақстандық телеарна эфирлерінде екі имидждік бейнероликті айналдыру жоспарланған, сонымен қатар қалалар мен еліміздің үлкен елді мекендерінде сыртқы жарнаманың негізгі өзегі саналатын бірқатар имидждік материалдарды орналастыру болып отыр.

Науқанның негізгі тірегі күн сайын адамдар алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер болып табылады. Бейнероликтерде өсу, бағындыру, дамыту, сыйлау, сүю, қуанту және таң қалдыру сияқты адамдық қарым-қатынастар мен жанұялық құндылықтар, жаңа асулар мен жеңістердің жетістігі арқылы көрсетілген. Көркем тілдің көмегімен бейнероликтегі жарнамаларда БТА Банктегі жаңа мүмкіндіктер туралы идеялардың жаңаша түрленуі, яғни Банк негізгі дағдарыстық кезеңнің қиындығын жеңе отырып, көп уақыт жарнамалық кеңістікте көрінбегеніне қарамастан қайта жаңғырғанын мәлімдейді.

Банктің қазіргі және әлеуетті клиенттерінің назарына «Жаңа мүмкіндіктер кезеңі» атты науқанның ұранын жеткізудің маңызды эмоциялық мәні зор. Ұран мәнін екі мағынада түсінуге болады – бір жағынан, өзіңе және өз мүмкіндіктеріңе сенуге шақыру, әлеуетіңді ашу, армандарыңды жүзеге асыру. Екінші жағынан – БТА Банкі үшін жаңғыртылған жаңа мүмкіндіктер уақыты.

Жарнамалық науқанның идеясы оның визуалды тұжырымдамасы мен роликтердің сценариі БТА Банктің тапсырмасы бойынша жаңашыл жарнамалық агенттік тобымен McCann Ericksson Kazakhstan құрастырылған, роликтерді өндіру латвиялық Vilks Studio-да орындалған (режиссер Роман Коровин).

БТА Банктің Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденов жаңа жарнамалық науқанды бастау шешімі жайлы: «Банкті өткен бір жыл бойы жағымсыз ақпараттар легі, соның ішінде қайта құрылымдау жүйесінің міндеттемелері қоғам пікіріне әсерін тигізгенін біз жақсы түсінеміз. Қазір біздің алдымыздағы басты мақсат БТА-ға деген жоғалтқан сенімді қайта қалпына келтіру. Сонымен қатар, бүгінгі күні банктің қайта құрылымдалу мәселесі оң шешімін тапқандықтан, біз «Жаңа мүмкіндіктер кезеңі» атты жаңа жарнамалық науқанды бастап отырмыз. Оның көмегімен өзіміздің клиенттерімізбен және серіктестерімізбен банк өміріндегі түбегейлі өзгерістер жайлы бөліскіміз келеді және осы науқан БТА-ның имиджін қайта қалпына келтіру жұмысында негізгі де шешуші түйін болмақ» деп атап өтті.


 

 


БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 24 26, 266 47 97, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz