Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы

19.05.2010

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97 үйі мекенжайы бойынша орналасқан «БТА Банкі» Акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің 2010 жылдың «14» мамырындағы № 5-1 шешіміне сәйкес Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шақырылуы туралы хабарлайды.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналыстың басталуына «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің ұйымдастырушысы болып табылады.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2010 жылғы 22 маусым күні сағат 11.00-де өтеді. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу Алматы қ., «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97 үй, А2 блогы, 2-қабат, мәслихат залы мекенжайында 10.00-де өтеді.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысу құқығына ие акционерлердің тізімі 2010 жылғы 14 мамырдағы жағдай бойынша жасалды.

«БТА Банкі» АҚ акционерлері жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі:

  1. 2009 қаржы жылының қызметтері қорытындысы бойынша жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы;
  2. Өткен қаржы жылындағы қоғамның таза кірісін бөлу тәртібін және Қоғамның бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшерін анықтау туралы;
  3. Қоғам және лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне акционерлердің көңіл бөлуі және қарастыруы қорытындылары туралы мәселені талқылау.
  4. Аудиторлық ұйымдастыруды анықтау туралы.
  5. Директорлар Кеңесінің мүшелеріне төленетін сыйақының мөлшерін және төлеу тәртібін белгілейтін Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын жаңа редакциясында бекіту туралы.
  6. «БТА Банкі» АҚ-ның жарияланған акциялары санын ұлғайту жөнінде.
  7. «БТА Банкі» облигацияларды айырбастаудың шарттары мен тәртібін анықтау.
  8. «БТА Банкі» АҚ-ның Жарғысын жаңа редакциясында бекіту жөнінде.
  9. Корпоративті басқару кодексін жаңа редакциясында бекіту.

«БТА Банкі» АҚ-ның акционерлерін акционерлердің жылдық жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз. Күн тәртібіне және акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге қатысты ақпаратпен және материалдармен мынадай телефондар арқылы танысуға болады: +7 (727) 2 66 72 54; +7 (727) 2 66 72 69.

Жиналым болмаған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысы 2010 жылғы «23» маусымда 11.00-де Алматы қ., «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков к-сі, 97 үй, А2 блогы, 2- қабат, мәжіліс залы мекенжайында өтеді. Акционерлерді тіркеу 10.00-де басталады.

Жеке тұлға-акционерлердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Акционерлердің өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс.

Заңды тұлға-акционерлер - олардың акционерлерін (қатысушыларын) тіркеуші елге қатысты олардың акцинорлері (қатысушылар) Қазақстан Республикасының «Банктер және банктік қызмет туралы» Заңының 17-бабының 5-тармағы бірінші бөлімінің олардың акционерлерінің (қатысушыларының) тіркелген елдеріне қатысты талаптарын сақтауы туралы өтінішті ұсынуы тиіс.

Байланысу үшін:
Сахильжан Дугашев, Корпоративті хатшы
+7 (727) 266-72-54, E-mail: sahil@bta.kz