Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі АҚ қайта құрылымдау жоспары бекітілгенін хабарлайды

28.05.2010

Алматы, 28 мамыр 2010 ж. – Бүгін Алматыда БТА Банкі АҚ (бұдан былай Банк) өзінің 2 442 млрд теңге (16,65 млрд АҚШ доллары) сомасындағы қаржылық берешегінің жалпы мөлшерінің 92,03 пайызын құрайтын 2 247,4 млрд тенге шамасындағы банктің міндеттеріне иелік ететін қайта құрылымдау жоспарын кредиторлардың мақұлдағанын қуанышпен хабарлайды.

Дауыс беруге БТА-ның сыртқы және ішкі облигациялары бойынша, екі жақты және синдикацияланған займдар бойынша, исламдық және сауданы қаржыландыруды, сонымен қатар деривация бойынша борыштық құралдардың барлық түрлері бойынша кредиторлар қатысты.

Қазақстан заңнамасына сәйкес қайта құрылымдау жоспары өз күшіне ену үшін банк міндетінің үштен екі бөлігінен кем емес үлесі тиесілі кредиторлармен қуатталуы тиіс. Осылайша, кредиторлар Банктің қайта құрылымдау жоспарын толығымен қуаттады.

Қайта құрылымдау нәтижесінде Банктің қарыздық міндеттемесінің көлемі 12,2 млрд АҚШ долларынан 4,4 млрд АҚШ долларына дейін қысқарады, ал кредиторлар алдындағы берешекті өтеу мерзімі 8-20 жылға дейін ұзарады. Бұл барлық өтелмеген талаптардан бас тартуы және кредиторлардың қолма-қол қаражатын және Банктің акциясы мен жаңадан шығып жатқан облигацияларына иелік етуге айырбастауы арқылы жүзеге асырылады. Қайта құрылымдау үдерісі аяқталғаннан кейін Банк өз капиталын реттеуші органдардың және ҚҚА қолданысындағы өзінің жеткілікті капиталының коэффицентіне сәйкес деңгейде қалпына келтіреді.

Сондай-ақ, қайта құрылымдау нәтижесінде БТА акционерлері құрамына Банктің 18,5% акционерлік капиталын иемденетін сыртқы және ішкі кредиторлар кіреді. БТА Банктің негізгі акционері – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының үлесі 81,5%-ды құрайды.

БТА Банктің Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденов БТА Банктің кредиторлардың қайта құрылымдау Жоспарын мақұлдауына түсініктеме бере келіп: «Біз осы үлкен жұмыстың табысты аяқталғанына қуанамыз. Бұл мақсатқа қолымыз оңайлықпен жетті деп айта алмаймыз – қайта құрылымдау үдерісіне жан-жақтағы кредиторлар қатысты және біз олардың мүдделерін неғұрлым толық ескеруге тырыстық. Банк пен Кредиторлар Комитеті командасының біріккен күш-жігерінің нәтижесіне БТА Банкті қайта құрылымдаудың шынайы жоспары болып табылады, оны - біздің көптеген кредиторларымыз жақтап дауыс берді. Мен Ұлттық банкі мен Қаржы қадағалау агенттігіне, сонымен қатар өздерінің жоғарғы кәсіптілігі мен бізге үлкен тәжірибелік көмек көрсеткен кеңесшілерімізге рахмет айтқымыз келеді. Сонымен қатар, өзіміздің клиенттеріміз бен серіктестерімізге осы қиын кезеңде біздің банкке шынайы сенім мен қолдау көрсеткендеріңізге алғысымызды айтамыз» -,деп атап өтті.

Қайта құрылымдалу саласында Банктің қаржылық кеңесшісі Lazard Freres пен UBS AG және заң кеңесшісі White & Case LLP болып табылады.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 250 53 78, 312 28 47
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz