Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банк «Тау Самалы» тұрғын үй кешенін Банк жекеменшігіне алу үшін Super Accord салушыларымен келісімшартқа қол қойды

01.06.2010

Алматы, 1 маусым 2010 ж. – Бүгін БТА Банк (бұдан кейін – «Банк») Super Accord ЖШС құрылыс компаниясымен (бұдан кейін – «Салушы») Салушының иелігіне жататын Алматы қ. «Тау Самалы» аяқталмаған күрделі құрылыс кешенін Банк жекеменшігіне алу жөніндегі келісімшартқа қол қойды. Аталмыш келісімшарт Салушының мүліктік құқығының негізінде Банк пен Салушының арасындағы пікірталастың жалғасуы, сонымен қатар Банктің Салушыға кредиттердің талаптары түбегейлі түрде реттеледі.

«Тау Самалы» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2006 жылы басталды, басты салушысы ретінде KUAT корпорациясы АҚ құрылыс компаниясы болды. KUAT корпорациясы АҚ құрылысты қаржыландыру үшін БТА Банктен кредит алды.

2008 жылы әлемдік қаржылық дағдарыстың әсерінен және қазақстандық құрылыс саласының коллапс талаптарына байланысты KUAT корпорациясы АҚ «Тау Самалы» ТК құрылысын жалғастыра алмағандықтан жекеменшік құқығын және оған байланысты міндеттерді Super Accord ЖШС компаниясының пайдасына берді. Көптеген себептерге байланысты аталмыш Салушы кешенді салып бітіре алмағандықтан, 2009 жылы «Тау Самалы» ТК 2008-2010 ж. арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының Мемлекеттік бағдарламасына қатысушылардың тізіміне кірген болатын.

Көрсетілген бағдарлама аясында Қазақстан Үкіметі 2009 жылдың 9 қазанындағы №1553 қаулысына орай «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ бірінші кезекте «Тау Самалы» ТК жобасы бойынша тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін 10 млрд теңге бөлді. Сонымен қатар, аталмыш Қаулыға сәйкес «Тау Самалы» ТК жекеменшігінің кредиттік талаптары бар БТА Банк берілген объектіні басыбайлы түрде құрылыс аяқталуы үшін «Ауыртпалық (стрессовый) активтердің қоры» АҚ-қа беруі тиіс.

Басшылық аталмыш Қаулыны орындауда Super Accord ЖШС және БТА Банк ұсынылған шегініс пен Банк алдындағы Салушының кредиттік міндеттерін ақырындап өтелетіні жайында келісімшартқа қол қою керек болатын. Осы Келісімшарт бойынша Салушы Банк иелігіне аяқталмаған тұрғын үй құрылысының кешенін, ал Банк кредит бойынша талаптардың бөлігін есептен шығару керек. Тәртіпке келмеген қарым-қатынастардың кесірінен Салушы мен Банк арасындағы берілген кешеннің бағасын анықтауда келіспеушілік болып, келісімшарттың қорытындысы ұзарып кетті (орындалған жұмыстардың бағасына байланысты).

Банк пен салушылардан басқа ынталандырылған «Тау Самалы» ТК еншілес топтарының қатысуларының нәтижесінде өткен келіссөздерде бүгін қол қойылған келісімшарттың келісімділік шешімі құралды.

Сонымен қатар, аталмыш кешеннің құрылысын аяқтау үшін қаржымен қамтамасыз етуді бір жүйеге келтіруге сәйкес 2010 жылы 19 сәуірде БТА Банк «Ауыртпалық (стрессовый) активтердің қоры» АҚ, KUAT корпорациясы АҚ, Super Accord ЖШС және жаңа салушы «Алматы қаласы әкімшілігі күрделі құрылыс ұйымы» ЖШС өзара келісімге қол қойылды.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 24 26, 266 47 97, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz