Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі мемлекеттік «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісуде

16.06.2010

Алматы, 16 маусым 2010 ж. БТА Банкі аймақтық кәсіпкерліктің «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Аталмыш бағдарлама Президенттің 2010 жылдың 29 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылып, ҚР Үкіметінің 2010 жылдың 13 сәуіріндегі №301 қаулысымен бекітілген болатын.

Бағдарламаның мақсаты – істеп жатқан қызметті сақтау мен жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, экономиканың шикізаттық емес секторларындағы аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты және теңдестірілген түрде өсуін қамтамасыз ету болып отыр. Қарастырылған бағдарлама міндеттері жаңа кәсіпкелік секторды сауықтыру, бизнес-бастаманы, экспорттық-болжамдық өндірісті қолдау сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асады.

Бірінші бағыт жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған жаңа кредиттерді қаржыландыру (жартылай өтеу), өндірісті кеңейту және жетілдіруді қарастырады. Жобаны жүзеге асырудағы жалпы бағадан 15 пайызға жуығы бағдарламаға қатысушының шотынан қаржыланады – ШОБ субъектісі немесе жобаның жүзеге асуына қатысу үшін жылжымалы/жылжымайтын мүлік деңгейінде жалпы бағадан 25 пайыздан төмен болмауы керек, ал кредитті қаржыландыру бір заемшыдан алғанда 3 млрд теңгеден аспауы тиіс. Қаржыландыру мерзімі 1-3 жылды құрайды, яғни ары қарай 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігін алады. Мұндай кредит бойынша сыйақы берудің номиналды жылдық ставкасы 12 пайыздан аспауы тиіс, оның ішінде 7 пайызға жуығын заемшы төлесе, жылдық ставканың 5 пайызын мемлекеттің өзі толтырады.

Бағдарламаның бірінші бағыты жаңа кредиттерді қаржыландырудан басқа жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, өндірісті кеңейту мен жетілдіруге берілген кредит бойынша кепілдіктерді де қарастырады. Мұндай кепіліктің көлемі өз кезегінде заемщиктен алған 3 млрд теңгеге шектелген кредит сомасының 50 пайызынан аспауы керек. Кредитке кепілдік беру мерзімі – 10 жыл, сонымен қатар бағдарламаға қатысушы тұлға жобаны жүзеге асырудағы жалпы бағадан 15 пайызға жуық көлемде қаржыландыруы тиіс немесе жобаның жүзеге асуына қатысу үшін жылжымалы/жылжымайтын мүлік деңгейінде жалпы бағадан 25 пайыздан төмен болмауы керек. 2010 жылы кепілдіктік кредит бойынша сыйақы берудің жылдық ставкасы 12 пайызды құрайды.

Бағдарламаның екінші бағыты алдында берілген кредит бойынша қаржыландыру ставкасы, сонымен қатар кәсіпкерлік секторға бағытталған салықтық және басқа шаралардың өтеу мерзімін ұзартуды қарастырады. Бұған 3 жылға 3 млрд теңгеге жуық займ көлемі қабылданады. Қаржыландыру жылдық сыйақы ставкасының 12 пайызына дейін төмендейді, оның ішінде 7 пайызын кәсіпорын-борышкер төлесе, жылдық ставканың 5 пайызын мемлекет қамтамасыз етеді. Қаражаттандыру ставкасы 2010 жылға дейін берілуі керек. 2008 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде борышкерге қарастырылған салықтарды өтеудің мерзімін ұзартуды ұсыну және Үкіметтің шешім қабылдауына дейін қарастыру керек.

Бағдарламаның үшінші бағытында экономиканың барлық секторында 10 пайызға жуық өндірілетін өнім-тауарлардың экспортталуымен жүзеге асатын экспорттық-болжамдық өндіріске арналған кредиттік ставканы қаржыландыру қарастырылған. 12 пайызға жуық номиналдық ставкасымен кәсіпорын-экспорттаушылардың кредиттері, оның ішінде жылдық 4 пайызды бағдарламаға қатысушы төлесе, 8 пайызын мемлекеттің өзі толтыратын кредиттер қарастырылуға қабылданады. Қаражаттандыру мерзімі 1-3 жылды құрайды, яғни одан ары қарай 10 жылға дейін ұзартуға болады.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қаржыландыру 1 млрд АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар, 2010 жылы оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 30 млрд теңге бөлінеді. Осы сомадан 12 млрд теңге – жаңа бизнес-бастамаларға, 16 млрд теңге – кәсіпорындық секторға және 2 млрд теңге экспорттық-болжамдық өндірісті қолдауға бөлінеді.

Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында талаптарға сәйкес жобаларын бағалауда, бюджеттік қаражатты қолдануда қаржыландыру мен бақылау сияқты бірқатар механизмдер құрылған болатын. Бұл механизмдердің функционалды түйіндемесі бағдарламаның негізгі орындайтын республикалық мемлекеттік және коммерциялық ұйымдары алады. Оның ішіне Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы мен Сауда министрлігі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, ҚР барлық облыстарындағы тұрғылықты орындаушы мүшелері, Астана және Алматы қалалық әкімшіліктері, Қазақстанның қаржы қауымдастығы және екінші деңгейдегі 16 қазақстандық банктер енеді.

2010 жылдың 14 маусымында Үкіметтің «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын бекіту қаулысын орындауда бағдарламаның негізгі орындаушылары жеке кәсіпкерліктің субъектілері кредит бойынша сыйақы ставкасын қаржыландыру мен екінші деңгейдегі банк кредиттерін кепілдендіру сияқты бірқатар келісімге келді.

Бағдарламаның талаптарына сәйкес әлеуетті қатысушылардың артықшылығын анықтау әртүрлі өндіріс саласымен айналысатын ұйымдарға (металлургия, металл өңдеу, машина құрылысы, құрылыс материалдарын өндіру, агроөнеркәсіптік тау-кен өндірісінің секторы, жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі), сонымен қатар қызмет көрсету саласының ұйымдары (транспорттық және сақтау, туризм, ақпарат және байланыс, білім беру, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтер, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер, өнер, ойын-сауықтық, демалыс) беріледі.

Сонымен қатар, бағдарлама талаптары кредит бойынша пайыздық ставкаларды қаражаттандыруға жатпайтын жобалардың тізімі көрсетілген, оның ішінде:

  • Акцизді өнімдерді шығару (спиртті өнімдердің барлық түрлері, спирттік және құрамында спирті бар сусындар, алкоголь, табак өнімдері, бензин (авиациялықтан басқасы), дизельдік жанармай, жеңіл автокөліктер (мүгедектерге арналған арнайы машиналардан басқасы), шикі мұнай, газдық конденсаттар);
  • Кредитор ретінде мемлекеттік даму институттары болып табылатын займдар;
  • Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуде кредит бойынша сыйақы ставкаларын қаражаттандыруды алатын кәсіпкерлер;
  • Минералды шикізат пен мониторингке жататын үлкен салық төлеушілердің тізіміне қосылатын қайта өңдеуді жүзеге асырушы металлургиялық өндіріс ұйымдары.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 24 26, 261 89 28
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz