Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі FASTER ақша аударым жүйесіне Ресейдің «Банкирский Дом» коммерциялық банкін қосты

22.07.2010

ЗАО АКБ Банкирский дом

Алматы, 22 шілде 2010 ж. – Бүгін БТА Банкі өзінің FASTER жедел-ақша аударым жүйесіне Ресейдің «Банкирский Дом» АКБ ЖАҚ банкі қосылғанын хабарлады. Сәйкестендірілген ынтымақтастастық турасындағы келісімге 2010 жылдың 26 мамырында қол қойылған болатын.

БТА Ресейде FASTER жүйесін дамыту бойынша негізгі серіктесі ретінде «Банкирский Дом» АКБ ЖАҚ-ты Санкт-Петербор және Мәскеу сияқты үлкен қаржы орталықтарында үлкен беделі бар болғандықтан, FASTER жүйесін шетелде дамыту және сыртқы банктермен ынтымақтастығын нығайту үшін таңдап отыр.

БТА мен «Банкирский Дом» АКБ ЖАҚ арасындағы ынтымақтастықтың бастамасынан екі банктің клиенттері Қазақстан мен Ресей арасында FASTER жүйесінің көмегімен рубльде, АҚШ долларында және еурода төменгі тарифпен шапшаң әрі ыңғайлы түрде ақша аударымын жасауға мүмкіндік алады. Банк-серіктестерінің арасындағы ақша аударымдарының көлемі өскен сайын, БТА аударымдарды жеңілдік талаптары бар әртүрлі акцияларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

БТА Банкі 2006 жылы жіберген FASTER жүйесі жеке тұлғалардың арасында банктік шотты ашпастан Қазақстан бойынша алғашқы халықаралық жедел аударымның жүйелерінде танымал болды. Бүгінгі таңда FASTER Қазақстан Республикасының аумағында әрі жақын және алыс шетелдерге ақшаны аударуға және алуға қызмет көрсету жүйелерінің кез келген пункті бойынша ыңғайлы тәсіл болып табылады. 2009 жылдағы дағдарыс кезінің өзінде FASTER жүйесі бойынша 421 мыңнан астам аударым жіберіліп, қабылданған болатын.

«Банкирский Дом» АКБ ЖАҚ туралы

«Банкирский Дом» жабық акционерлік қоғамы акционерлік коммерциялық банк 1994 жылдың маусымында құрылған болатын. Банктің 82,5 акционерлік капиталына иелік етіп отырған H-Markkinointi Oy финдік риэлтерлік компаниясы негізгі акционері болып табылады. «Банкирский Дом» АКБ ЖАҚ-тың филиалдық желісі Санк-Петерборда он екі және Мәскеудегі бір офисімен ұсынылып отыр. 2010 жылдың 30 маусымындағы жағдайына байланысты банк активтері 941564 мың рубльді (30183 АҚШ долларын), өзінің капиталы - 143482 мың рубльді (4599 АҚШ долларын) құрап отыр. «Банкирский Дом» АКБ ЖАҚ жайында толық ақпаратты банктің www.bankirdom.com ресми сайтында немесе +7 (812) 777-000-7 және +7 (495) 911-748-7 телефондарынан біле аласыз.

БТА Банкі туралы

«БТА Банкі» акционерлік қоғамы – қазақстандық жүйе құраушы коммерциялық банк. Банктің акционерлік капиталының 75,01 пайызын иемденіп отырған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ – оның негізгі акционері болып табылады. БТА Банкі қазақстандық банктерінің арасында дамыған 22 филиалы мен 231 бөлімшелерімен және еліміздің барлық қалалары мен үлкен тұрғылықты пунктерін қамтитиды. БТА Банктің клиенттік базасы 1,2 млн. жеке және 132 мыңнан астам корпоративті клиенттерден тұрады. БТА Банкі туралы толық ақпаратты www.bta.kz арнайы сайтынан біле аласыздар.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz