Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі қызмет көрсетудің жүйесін жаңа технологиялық деңгейге шығаруда

13.09.2010

Астана, Алматы, 13 қыркүйек 2010 ж. – БТА Банкі «Сарыарқа» (Астана қ.) және «Апорт» (Алматы қ.) сауда орталықтарында өзіне өзі қызмет көрсетудің жаңа интерактивті аймақтарын ашты. Бұл аймақтарда жүзден аса кассалық операцияларға тәулік бойына автоматты түрдегі қол жетімділікті қамтамасыз ететін түрлі қызметтерге ақы төлеу үшін теңгелік және мультивалюталық банкоматтар, ақша айырбастау аппараттары, Cash&Pay терминалдары орналастырылған.

БТА Банктің интегративті өзіне өзі қызмет көрсету аймақтарында коммуналды, ұялы және стационарлы байланыс операторларын, кабельді телеарналарды, сақтандыру компаниялары мен білім беру мекемелеріне төлем жасау сияқты көптеген операцияларды жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, бюджетке салық пен төлемнің барлық түрлеріне және «Эйр Астана» компаниясының авиабилеттеріне ақы төлеуді, банктік шоттарды толықтыруды, банктік кредит пен кішігірім кредиттік ұйымдардың пайдасына кредит беретін бірқатар банктік шоттарды өтеуді жүзеге асыруға болады. Теңгеде, еурода, және АҚШ долларында ақша айырбастау операцияларын жүргізу мүмкіндігі бар. Қызмет көрсету мен қол жетімді операциялардың тізімі күннен күнге толықтырыла түсуде.

Жаңа технологияларды ендіру БТА Банкке үздіксіз сервис сапасын көтеруге мүмкіндік береді және дәстүрлі банктік бөлімшелерді құру мен қолдау жасау шығындарын қысқартудың есебінен клиентерге неғұрлым тиімдірек тарифтерді ұсынады. Бүгінгі күнге сай толық функционалды қызмет көрсету Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларындағы БТА-ның өзіне өзі қызмет көрсету аймақтарында іске қосылып отыр, ал жуық арада Қазақстан бойынша банктің барлық 22 филиалында ашылмақ.

Өзіне өзі қызмет көрсету аймақтарының ашылуы БТА Банктің альтернативті сатылым каналдарын дамыту жоспарының бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, дәстүрлі банктік және өзіне өзі қызмет көрсету терминалдары мен Интернет банкинг және SMS-банкинг сияқты жоғары технологиялы сервистері де қоса қамтылады.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78 – Алматы
+7 (7172) 556-048 - Астана
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz