Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Сергей Лаврентьев БТА Банкінің «БТА Сақтандыру» еншілес компаниясы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

22.10.2010

Алматы, 22 қазан 2010 ж. – Бүгін «БТА Банкі» АҚ (бұдан кейін – «Банк») осы жылдың 12 қазанындағы БТА Банкінің «БТА Сақтандыру Еншілес компаниясы» Акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес (бұдан кейін – «БТА Сақтандыру») Компанияның Басқарма Төрағасы ретінде Сергей Лаврентьев тағайындалды. Ол бұл қызметте Компанияның бұрынғы басшысы Владимир Шевченконы ауыстырды.

Осы қызметтен бұрын, 59-жастағы техника ғылымдарының кандитаты Сергей Лаврентьев әртүрлі қазақстандық сақтандыру компанияларда басшылық қызметте, оның ішінде Альянс Банктің еншілес компаниясы «Альянс Полис» АҚ-ның Басқарма Төрағасы ретінде және «Алма-Ата - АСКО» АҚ-ның бас директоры ретінде жұмыс атқарды.

БТА Сақтандыру Директорлар кеңесінің Төрағасы Әнуар Сәйденов бұл тағайындауды түсіндіру барысында: «Мен өз тобымызда «БТА Банктің БТА Сақтандыру ЕК» АҚ жаңа Басқарма Төрағасы ретінде белгілі кәсіпкер Сергей Лаврентьевтің тағайындалғанына қуаныштымын. Оның мол тәжірибесі мен жоғары білімділігі сақтндыру нарығының өзіндік ерекшеліктерін жақын білуі, сақтандыру компаниясының орташа уақыт ішінде стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін белгілі факторлар қызметін атқаратын болады», - деп мәлімдеді.

«АТЛАНТА-ПОЛИС СК» АҚ, «БТА Банкінің «БТА Забота» ЕСК және «БТА Банкінің «БТА Сақтандыру» ЕК «АТЛАНТА-ПОЛИС СК» АҚ және БТА Банкінің «БТА Забота» ЕСК «БТА Банкінің «БТА Сақтандыру ЕК» АҚ-на қосу жолымен еншілес компанияларында бизнестің тиімділігін көтеру мақсатында БТА тобына еніп, сақтандыру активтерін қайта ұйымдастыру жоспарланғаны алдын ала хабарланған болатын.

БТА Сақтандырудың бірігуінен кейін үш компанияның артықшылықтарын жинақтау басты назарда болады: кең ауқымды филиалдық желі мен сауда нүктелерінің үлкен көлемі және сақтандыру қызметтері мен өнімдерінің бай түрлерін, сонымен қатар сақтандыру қызмет нарығында жақсы кәсіби кадрларды ұсынады. Сондай-ақ БТА Сақтандыру біріккен клиенттік базасының аясында кросс-саудаларды белсенді қолдану мүмкіндіктерін жоспарлайды. БТА Сақтандыру өзіне «АТЛАНТА-ПОЛИС СК» АҚ мен «БТА Банкінің «БТА Забота ЕСК» АҚ компанияларының міндеттерін толық көлемде және қосылатын компаниялардың келісімге қол қойылған шарттарды қабылдағандығын растап отыр. БТА Сақтандыру тек толық және өз мерзімінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мен толықтыруға ғана кепіл бермейді, сонымен қатар сақтандырушыларға көрсетілетін қызмет сервистерінің одан ары қарай да белсенді жұмысын жалғастырады.

БТА Сақтандыру сенімді және салиқалы сақтандырушының беделін одан әрі нығайтуды жоспарлауда, яғни өз клиенттері мен серіктестерінің алдында міндеттерін орындау мен сақтандыру нарығындағы ұстанымдарды күшейтеді.

БТА Сақтандыру жөнінде

Банктің «БТА Сақтандыру» еншілес компаниясы – мүлікті (автокөліктерді, тұрғын үйді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мүлкін) және азаматтар мен ұйымдардың жауапкершілігін сақтандырудың әралуан түрлеріне маманданған әмбебап компания.

2010 ж. 1 қыркүйегіндегі жағдайы бойынша БТА Сақтандырудың активтері 24,6 млрд. теңгені, өзіндік капиталы – 19,7 млрд. теңгені құрады. БТА Сақтандырудың сақтандыру сыйлығының көлемі - 1,34 млрд. теңгені, сақтандыру қорларының көлемі - 4,04 млрд. теңгені құрайды.

БТА Сақтандырудың филиалдық желісі бірігу нәтижесінде Қазақстанның барлық қалаларындағы 20-ға дейінгі өкілділіктерге артып, мұнда 10 мыңнан аса компания мен 115 мыңнан аса жеке клиентке қызмет көрсетілетін болады.

БАҚ байланыс телефондары:

«БТА Банкі» АҚ:
тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz

«БТА Сақтандыру» АҚ:
тел.: +7(272) 295 22 33 вн. 3037
e-mail: o_savchenko@btainsurance.kz
www.btainsurance.kz