Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың аралық қорытындысын шығарды

08.11.2010

Алматы, 8 қараша 2010 ж. – БТА Банкі (бұдан кейін – «Банк») аймақтық кәсіпкерліктің «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асырудың аралық қорытындысын шығарды (бұдан кейін – «Бағдарлама»). Аталмыш бағдарлама бойынша төрт жарым ай белсенді жұмыс барысында Банк кәсіпкерлерден жалпы 40,1 млрд. теңге сомасын құрайтын 147 өтініш қабылдады.

Осы көлемнің негізінде Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша (жаңа жобаларды қолдау) жалпы 16,6 млрд. теңге сомасын құрайтын 66 өтініш, екінші бағыт бойынша (кәсіпкерлік секторды қалпына келтіру) – жалпы 22,8 млрд. теңге сомасын құрайтын 76 өтініш, үшінші бағыт бойынша (экспорттық – бағдарлық өндірісті қолдау) – жалпы 742 млн. теңге сомасын құрайтын 5 өтінішті қабылдады.

Банк қабылдаған өтініштерінің жалпы көлемінен уәкілет органы Бағдарламаға бірінші бағыт бойынша 24 жобаны, екінші бағыт бойынша – 3 жоба және үшінші бағыт бойынша – 4 жобаны бекітті.

Мақұлданған шаралардың көлемінен салалардың 45,16% бөлінісі қызмет ұсыну саласымен айналысатын кәсіпорындарды қаржыландыруға бағытталған болатын. Қалған қаражат өндіріспен айналысатын компанияларға (38,71%), ауыл шаруашылығы (12,90%) және өңдеуші өнеркәсіптерге (3,23%) бөлініп берілді. Аймақтардың аралығында кәсіпорындар үшін Ақтөбе (21,4%), Қарағанды (14,3%), Батыс Қазақстан облысы (14,3%), сонымен қатар Астана қаласына 21,4% жобалардың көбісі мақұлданды.

БТА Банкінің Басқарма директоры Марлен Жакежановтың ойынша Бағдарламаға деген үлкен қызығушылық жаңа жобалар мен экспорттық-бағдарлық өндіріс жобаларын қаржыландыруға қатысты өзекті және қажетті түрде жүзеге асыру керек екенін дәлелдеп отыр. Жәкежанов мырза айтуына қарағанда,- «Біз бөлінген қаражатты қамту нәтижесінде үлкен жауапкершілікті сезінеміз және өз тарапымыздан жобаларды жылдамырақ қарастыруға барлық механизмдерді реттеуге тырысамыз және өнеркәсіп иелеріне үлкен жәрдем көрсетеміз», - деп – «Бүгін біздің негізгі мақсатымыз – аз уақыт ішінде үлкен көлемде өтініштерді қарастырамыз.

Алдында аталып өткендей, «Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасы Елбасының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметінің жетілдіруімен 2010 ж. 29 қаңтарындағы үндеуінде жыл сайынғы жолдауында жарияланды және 2010 ж. 13 сәуірінде ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді. Бағдарламаның мақсаты шикізаттық емес сектордағы аймақтық тұрақты және үйлестірілген аймақтық өнеркәсіптің өсуіне, сонымен қатар әрекет етіп отырған және жаңа бірыңғай жұмыс орындарын құру.

Қарастырылған Бағдарламаның шешімі бойынша міндеттер үш бағыт бойынша жүзеге асады: жаңа кәсіпкерлік секторды қалпына келтіру, бизнес-бастаманы, экспорттық-болжамдық өндірісті қолдау.

Бірінші бағыт жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған жаңа кредиттерді қаржыландыру (жартылай өтеу), өндірісті кеңейту және жетілдіруді қарастырады. Жобаны жүзеге асырудағы жалпы бағадан 15% жуығы бағдарламаға қатысушының шотынан қаржыланады – ШОБ субъектісі немесе жобаның жүзеге асуына қатысу үшін жылжымалы/жылжымайтын мүлік деңгейінде жалпы бағадан 25% төмен болмауы керек, ал кредитті қаржыландыру бір заемшыдан алғанда 3 млрд теңгеден аспауы тиіс. Қаржыландыру мерзімі 1-3 жылды құрайды, яғни ары қарай 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігін алады. Мұндай кредит бойынша сыйақы берудің номиналды жылдық мөлшерлемесі 14% аспауы тиіс, оның ішінде 7% жуығын заемшы төлесе, жылдық мөлшерлеменің 7% мемлекеттің өзі толтырады.

Бағдарламаның бірінші бағыты жаңа кредиттерді қаржыландырудан басқа жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, өндірісті кеңейту мен жетілдіруге берілген кредит бойынша кепілдіктерді де қарастырады. Мұндай кепіліктің көлемі өз кезегінде заемшыдан алған 3 млрд теңгеге шектелген кредит сомасының 50% аспауы керек. Кредитке кепілдік беру мерзімі – 10 жыл, сонымен қатар бағдарламаға қатысушы тұлға жобаны жүзеге асырудағы жалпы бағадан 15% жуық көлемде қаржыландыруы тиіс немесе жобаның жүзеге асуына қатысу үшін жылжымалы/жылжымайтын мүлік деңгейінде жалпы бағадан 25% төмен болмауы керек.

Бағдарламаның екінші бағыты алдында берілген кредит бойынша қаржыландыру мөлшерлемесі, сонымен қатар кәсіпкерлік секторға бағытталған салықтық және басқа шаралардың өтеу мерзімін ұзартуды қарастырады. Бұған 3 жылға 3 млрд теңгеге жуық займ көлемі қабылданады. Қаржыландыру жылдық сыйақы мөлшерлемесінің 12% дейін төмендейді, оның ішінде 7% кәсіпорын-борышкер төлесе, жылдық мөлшерлеменің 5% мемлекет қамтамасыз етеді. 2008 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде борышкерге қарастырылған салықтарды өтеудің мерзімін ұзартуды ұсыну және Үкіметтің шешім қабылдауына дейін қарастыру керек.

Бағдарламаның үшінші бағытында экономиканың барлық секторында 10% жуық өндірілетін өнім-тауарлардың экспортталуымен жүзеге асатын экспорттық-болжамдық өндіріске арналған кредиттік мөлшерлемені қаржыландыру қарастырылған. 14% жуық номиналдық мөлшерлемесімен кәсіпорын-экспорттаушылардың кредиттері, оның ішінде жылдық 6% бағдарламаға қатысушы төлесе, 8% мемлекеттің өзі толтыратын кредиттер қарастырылуға қабылданады. Қаражаттандыру мерзімі 1-3 жылды құрайды, яғни одан ары қарай 10 жылға дейін ұзартуға болады.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қаржыландыру 1 млрд. АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар, 2010 жылы оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 30 млрд теңге бөлінеді. Осы сомадан 12 млрд. теңге – жаңа бизнес-бастамаларға, 16 млрд теңге – кәсіпорындық секторға және 2 млрд. теңге экспорттық-болжамдық өндірісті қолдауға бөлінеді.

Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында талаптарға сәйкес жобаларын бағалауда, бюджеттік қаражатты қолдануда қаржыландыру мен бақылау сияқты бірқатар механизмдер құрылған болатын. Бұл механизмдердің функционалды түйіндемесі бағдарламаның негізгі орындайтын республикалық мемлекеттік және коммерциялық ұйымдары алады. Оның ішіне Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы мен Сауда министрлігі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, ҚР барлық облыстарындағы тұрғылықты орындаушы мүшелері, Астана және Алматы қалалық әкімшіліктері, Қазақстанның қаржы қауымдастығы және екінші деңгейдегі 16 қазақстандық банктер енеді.

2010 жылдың 14 маусымында Үкіметтің «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын бекіту қаулысын орындауда бағдарламаның негізгі орындаушылары жеке кәсіпкерліктің субъектілері кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаржыландыру мен екінші деңгейдегі банк кредиттерін кепілдендіру сияқты бірқатар келісімге келді.

Бағдарламаның талаптарына сәйкес әлеуетті қатысушылардың артықшылығын анықтау әртүрлі өндіріс саласымен айналысатын ұйымдарға (металлургия, металл өңдеу, машина құрылысы, құрылыс материалдарын өндіру, агроөнеркәсіптік тау-кен өндірісінің секторы, жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі), сонымен қатар қызмет көрсету саласының ұйымдары (транспорттық және сақтау, туризм, ақпарат және байланыс, білім беру, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтер, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер, өнер, ойын-сауықтық, демалыс) беріледі.

Сонымен қатар, бағдарлама талаптары кредит бойынша пайыздық ставкаларды қаражаттандыруға жатпайтын жобалардың тізімі көрсетілген, оның ішінде:

  • Акцизді өнімдерді шығару (спиртті өнімдердің барлық түрлері, спирттік және құрамында спирті бар сусындар, алкоголь, табак өнімдері, бензин (авиациялықтан басқасы), дизельдік жанармай, жеңіл автокөліктер (мүгедектерге арналған арнайы машиналардан басқасы), шикі мұнай, газдық конденсаттар);
  • Кредитор ретінде мемлекеттік даму институттары болып табылатын займдар;
  • Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуде кредит бойынша сыйақы ставкаларын қаражаттандыруды алатын кәсіпкерлер;
  • Минералды шикізат пен мониторингке жататын үлкен салық төлеушілердің тізіміне қосылатын қайта өңдеуді жүзеге асырушы металлургиялық өндіріс ұйымдары.

БТА Банкі осы жылдың маусым айының екінші жартысынан бастап аталмым жобаны қарқынды түрде іске асыруға кірісті.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 24 26, 261 89 28
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz