Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы Хабарлама

22.12.2010

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі., 97 мекенжайында орналасқан «БТА Банкі» Акционерлік қоғамы 2010 жылдың «20» желтоқсанындағы № 12-3 Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шақырылуы туралы хабарлайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды ұйымдастырушы - «БТА Банкі» АҚ-ның Директорлар кеңесі болып табылады.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2011 жылдың «9» ақпанында сағат 11.00 өткізіледі. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу Алматы қ., «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97 үй, А2 блогы, 2-қабат, мәслихат залы мекенжайында 10.00-ден бастап өтеді.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқылы Акционерлердің тізімі 2010 жылдың «20» желтоқсанындағы жағдай бойынша жасалды.

«БТА Банкі» АҚ кезектен тыс акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібі:

  1. «Қазақстан Қор Биржасы» АҚ листингіне «БТА Банкі» АҚ жәй акцияларын қосу туралы»;
  2. «Люксембург Қор Биржасының листингіне «БТА Банкі» АҚ жәй акцияларымен шығарылған Депозитарлық қолхаттарды қосу туралы»;

«БТА Банкі» АҚ акционерлерін Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз. Күн тәртібіндегі және акционерлердің жалпы жиналысын өткізу мәселелеріне қатысты ақпараттар мен материалдарды +7 (727) 2 66 72 54; +7 (727) 2 66 72 69 телефондары арқылы алуларыңызға болады.

Жиналым болмаған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысы 2011 жылдың 10 ақпанында сағат 11.00-де Алматы қ., «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков к-сі, 97 үй, А2 блогы, 2- қабат, мәжіліс залы мекенжайында өтеді. Акционерлерді тіркеу 10.00-де басталады.

Жеке тұлға-акционерлердің жеке басын растайтын құжаты болуы тиіс.

Акционерлердің өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген заңды тұлғаның немесе нотариустың мөрімен куәландырылған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс.

Заңды тұлға акционерлер – «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 5-тармағының бірінші бөлігінің талаптарына және 2010 жылдың 28 мамырындағы Кредиторлардың Жалпы жиналысымен бекітілген Ақпараттық Меморандумның «БДҚ бағдарламасы» тарауларының талаптарына сәйкес олардың акционерлерін (қатысушыларын) тіркелген елінің шарттарын олардың акционерлері (қатысушылары) сақтауы туралы өтініш ұсынуы тиіс.

Байланысу үшін:

«БТА Банкі» АҚ
корпоративтік хатшы көмекшісі Питулова Ольга Владимировна
+7 (727) 266-72-69,
E-mail: o_pitulova@bta.kz