Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Құрметті достар!

27.12.2010

Ауыр да қиын өтпелі кезеңде қасымызда болып, әрқашан қуанышымыз бен қайғымызға ортақтасқан клиенттерімізді осылай атағаным артық болмас деп ойлаймын. Осы жыл ішінде қайтып келген клиенттерімізге БТА-ның екінші рет дүниеге келу қуанышын бірге бөліскендеріңізге алғысымыз шексіз.

2010 жыл біздің жүрегімізде мәңгі қалатынына сенімдімін. Осы жыл біз үшін сапалы өзгерістерге, үмітіміздің іске асуы мен үлкен жетістіктерге толы болды деп атап өткеніміз абзал. Уайымдағанымызды жасырмаймын. 2010 жылдың қаңтар айында БТА командасының алдында үлкен жұмысты қажет ететін мақсаттар мен міндеттер ауқымды болғаны рас. Міндеттердің ауқымы өзгермеді - біз өзіміз өзгердік десек болады. Соңғы екі жыл ішіндегі сынақ банкті айықтырды, бағасыз біліктілікпен қаруландырды. Достарым, бүгінгі күні біз сіздермен осы күш жігермен, білімділікпен бөліскіміз келеді.

Мен сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Барша қазақстандық жанұяға құт береке, шаттық, қуаныш, татулық тілеймін. Алдымызда жаңа асулар күтіп тұр, біз оларға да жететінімізге сенімдіміз.

БТА Банкі жаңа өзгерістерге есігін айқара ашуда, бізді жаңа мүмкіндіктер, жаңа асулар тосуда!